Аймақтар • 25 Сәуір, 2020

Шығыс Қазақстан: Көкпекті ауданында залалсыздандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде

2101 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қоғамдық орындарды залалсыздандыру жұмыстарына арнайы жабдықталған «Hubei Dalu» техникасы тартылып отыр.

Шығыс Қазақстан: Көкпекті ауданында залалсыздандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде

Көкпектіде көшелер мен көпшілік баратын орындар жаппай тазаланып жатыр. Індеттің таралмауына жол бермеудің бірден-бір жолы – залалсыздандыру. Қазіргі таңда бұл іс Көкпекті ауданында жүйелі атқарылуда. Аудан орталығы мен халық көп шоғырланған Самар ауылында ауқымды жұмыс ұйымдастырылды.

к

«Залалсыздандыру жұмыстарына қажетті гипохлорит кальций ерітіндісі облыс орталығы Өскемен қаласының «Титан-магний комбинатынан» жеткізілді. Бүгінгі күні ауданда дезинфекциялық ерітіндіге қажетті 5 тонна қор бар. Әрбір ауылдық округтерге де қажеттілігіне қарай таратылған. Қоғамдық орындарды залалсыздандыру жұмыстарына арнайы жабдықталған «Hubei Dalu» техникасы тартылып отыр. Сыйымдылығы 4 тонна техниканың  гипохлорит кальций қоспасын 5-7 метр аумаққа шашу мүмкіндігі бар» дейді Көкпекті ауданының бас санитарлық дәрігері Гүлмира Абдрасулова. Оның айтуынша, гипохлорит кальций қоспасы инфекциялық ауруларға қарсы бактерициттық құрал ретінде қолданылады. Тұрғындар үшін қауіпсіз. Барлық шаралар 2 наурыз күні жарық көрген Денсаулық Сақтау Департаментінің нұсқаулығы негізінде атқарылуда.

Бұл жұмыс елімізде төтенше жағдай жарияланған сәттен бастап толассыз жүргізіліп келеді.

Шығыс Қазақстан облысы,

Көкпекті ауданы