Коронавирус • 25 Сәуір, 2020

Әлемдегі ахуалға шолу: Ресейде коронавирусты анықтауға 2,7 млн тест жасалды

156 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл топтамада әлемнің 185 елінде тараған COVID-19 вирусына қатысты соңғы жаңалықтарды жариялап отырамыз.

25 сәуірде Johns Hopkins University (JHU) ұсынған мәлімет бойынша вирус жұқтырғандар саны - 2 790 986, өлім саны - 195 920, айыққандар саны - 781 382 адам болды (жаңартылған уақыты 16:17).

Ресейде коронавирусты анықтауға 2,7 млн-нан астам тест алынды. Өткен тәулікте 169 мың зерттеу жүргізілді

Коронавирус жұқтыруы мүмкін деген күдікпен 168 мың адам медициналық бақылауға алынған.

Ресейде індет басталғалы COVID-19 вирусын 68 622 адам жұқтырған, жазылып шыққандар саны 5 568-ге жетті, көз жұмғандар — 615 адам.


Кипрде 4 мамырдан бастап карантин режимі жеңілдетіледі.


Түркияда бір тәулікте коронавирустан 3 246 адам жазылып шықты

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 3 122 адам анықталды.


Италияда бір тәулікте 420 адам көз жұмды

Бұл елде COVID-19-дан қайтыс болғандар саны 25 969-ға жетті. Өткен тәулікте 2 922 науқас сауығып шықты. Коронавирус инфекциясынан жазылып шыққандардың жалпы саны 60 498-ге жетті. Бұл елде жалпы 192 994 адамның вирусты жұқтырғаны анықталған. Реанимацияда 4 870 адам емделіп жатыр. 


Францияда өткен тәулікте қауіпті вирустың салдарынан 389 адам қайтыс болды

Коронавирустан көз жұмғандардың жалпы саны 22 245-ке жетті. Соңғы мәліметтерге сәйкес, коронавирус диагнозымен 28 658 адам ауруханаға жатқызылған. Қазіргі таңда Францияда коронавирус инфекциясын жұқтырған 122 577 адам тіркелген.


Эквадорда COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 11 536 адам анықталған

Мұнда жалпы 22 719 адам аталған вирусты жұқтырған. Бұған қоса, тағы 16 адам көз жұмды. Індет басталған уақыттан бері коронавирустан 576 адам қайтыс болған. 


Ливанда өзін-өзі оқшаулау режимі 10 мамырға дейін ұзартылды


Эстонияда Төтенше жағдай режимі 17 мамырға дейін ұзартылды

д