- Анықталған науқастардың ең кішісі - 8 айлық сәби, ең үлкені - 1952 жылы туған азамат. Олар жалпы 39 адаммен қарым-қатынаста болған. Қазір науқастармен байланыста болғандардың барлығы дәрігерлердің бақылауына алынды, вирусологиялық зерттеу жүргізілуде, - деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Жалпы6 облыс бойынша осы сәтке дейінгі індет жұқтырғандар саны 86 адамға жетті. Ал індеттен оңалғандар саны – 9.
Алматы облысы