Аймақтар • 25 Сәуір, 2020

Қарағанды облысы: тағы екі адамнан COVID-19 белгісі табылды

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қарағанды облысында COVID-19 жұқтырудың тағы екі оқиғасы зертханалық тұрғыда тіркелді.

Қарағанды облысы: тағы екі адамнан COVID-19 белгісі табылды

Бұрын коронавируспен ауырған науқастармен байланыста болғандықтан карантиндік стационарға жатқызылған 1958 жылы туған қарағандылық әйел мен Абай қаласының 44 жастағы тұрғыны ПТР-талдау COVID-19 диагнозын растағаннан кейін, инфекциялық стационарға жатқызылды.

Бүгінгі күнде облыста COVID-19 жұқтырған науқастардың саны 113 адамға жетті. Оның ішінде бір адам осы індеттен көз жұмды және 36 науқас жазылып шықты.

 

Қарағанды облысы