Қоғам • 26 Сәуір, 2020

Елордада Абай және Кенесары көшелері 7 мамырға дейін жабылды

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда әкімдігі көлік жүргізушілерін кептелістің алдын алу үшін өз қозғалысын алдын ала жоспарлауға шақырды. 

Елордада Абай және Кенесары көшелері 7 мамырға дейін жабылды

Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 25 сәуірде Республика даңғылынан Сарыарқа даңғылына дейінгі учаскеде, Кенесары мен Абай көшелерінде жөндеу жұмыстары басталатынын хабарлады.

«Осыған байланысты 25 сәуірден 7 мамырға дейін аталған учаскеде көлік қозғалысы жартылай тоқтатылады. Елорда тұрғындары мен қонақтары кептеліске жол бермеу үшін өз қозғалысын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз» делінген хабарламада.