Емделушілердің емі толық аяқталған соң, 2 рет тест сынамасы алынды. Сынама нәтижесі теріс көрсеткіш көрсетуіне орай 11-і де ауруханадан үйлеріне қайтарылды.
Олар алдағы уақытта 14 күн бойы аймақтық дәрігерлердің бақылауында болады.
Облыста бұған дейін 69 тұрғын Covid-19 індетінен айыққан болатын. Қазір өңір бойынша 80 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шыққан.