Аймақтар • 26 Сәуір, 2020

Қызылорда: 6 медицина саласының қызметкері вирус жұқтырды

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы тәулікте Қызылорда облысында тағы 9 адамның індет жұқтырғаны нақтыланып,  қазір облыс бойынша науқастар саны 179-ға жетті.

Қызылорда: 6 медицина саласының қызметкері вирус жұқтырды

Жаңадан анықталған 9 жағдай да облыс орталығынан тіркеліп отыр.

– Індет жұқтырғандардың бірінің Тараз қаласынан келгендігі анықталды. Қалған сегізі Қызылорда қаласының тұрғындары. Сегіздің алтауы медицина саласының қызметкерлері. Олардың біреуі дәрігер, тағы бірі санитар, екеуі медбике, тағы екеуі көлік жүргізушілері.  Әріптестеріміздің бойына дерт жұқтырып алғаны скринингтік  тексеру кезінде анықталған, – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдісәметов.