Аймақтар • 26 Сәуір, 2020

Маңғыстау: 71 жастағы зейнеткерден коронавирус анықталды

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысында COVID-19 жұқтырған тағы бір адам тіркелді. Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы хабарлады.

Маңғыстау: 71 жастағы зейнеткерден коронавирус анықталды

71 жастағы қария Ақтау қаласының тұрғыны, осыған дейін вируспен тіркелген 24 жастағы полиция қызметкерінің атасы.

Ол науқастармен байланыста болғандықтан провизорға жатқызылған. Санитарлық дәрігерлердің айтуынша, ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды. Бұл мекен жай осыған дейін карантинге жабылып, дезинфекцияланған.

Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда. 26 сәуірдегі жағдай бойынша өңірде барлығы 27 адамнан COVID-19 вирусы тіркелді.

Ақтауда – 16, Жаңаөзенде – 4, Маңғыстау ауданында – 4, Мұнайлы ауданында – 3 адам. Жазылып шыққаны – 4 адам, 1 адам қайтыс болды. Ауырғандардың контингенті бойынша: медицина қызметкері – 1 жағдай, полиция қызметкерлері – 5 адам, әскери қызметкер – 2 жағдай, зейнеткер – 3 жағдай және жұмыссыздар – 14 адам, бала – 2.

 

 

Маңғыстау облысы