Балалар киімдері, аяқ киімдер, спорттық костюмдер, футболкалар экономикалық контрабанда бойынша қозғалған қылмыстық істері аясында тәркіленіп, соттың үкімімен мемлекеттің меншігіне өткен болатын.
Барлық киім-кешек балалар үйіне және қиын жағдайда қалып көмек қажет ететін жанұяларға үлестірілді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда дейді департамент қызметкерлері.