Бұл –Каспий теңізінің қазақстандық секторында ашылған ірі кеніш.
Оны игеру жобасының операторы – NCOC компаниясы. Теңіз мұнайы 2016 жылдан бері жасанды аралдарда өндіріледі.
– Былтыр «Қашаған» кен орнынан өндірілген 14,1 миллион тоннадан астам мұнай экспортталды. Сондай-ақ, шетел нарығына жіберілген газ көлемі 3,5 миллиардтан аса текше метрді құрады. Ал экспортталған күкірт 1 миллион 207 мың тоннадан асты, - деп хабарлады NCOC компаниясының баспасөз қызметі.