Екі аптадан аса дәрігерлер инфекция анықталған кішкентай пациентке емдеу шараларын үздіксіз жүргізген. Медицицна мамандарының бар күш жігерін жұмсауының арқасында баладан алынған соңғы сынама теріс нәтиже көрсеткен.
Бүгін қауіпті дерттен сауыққан бүлдіршін туыстарына тапсырылды. Алайда сәбидің анасы дертінен сауыққанша ауруханада болмақ.
Айта кетейік, бүгінге дейін қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасынан коронавирус инфекциясына шалдыққан 23 науқас дертінен айығып шықты.
Шымкент