
Қызылорда қаласының құрылғанына 195 жыл
Астаналық рух деген болады. Ресейдің Санкт-Петербургін, Түркияның Ыстамбұлын қараңыз. Табаныңыз тигеннен бұрын сол мемлекетке астана болғанын, барлық маңызды мәселенің сол қалада шешілгенін сезесіз. Оларды айтпай-ақ, Алматыны алыңыз. Алматы – әрбір қазаққа ыстық қала. Бүгінде аңсарымыз Астанаға ауғанымен Алматыға деген бір қимастықтың әркімде бары білінеді. Сол секілді Сырдың бойын жағалай жатқан Қызылордаңыздан да астаналық рухтың сезілетінін жасырмаймыз. Сонау бір қиын-қыстау заманда, алмағайып кезеңде бұл қала қазаққа астана болды. Осы жерде біздің болашағымыз шешілді. Сондықтан желі бетіңді қарпып, шаңы көзіңді аштырмаса да қазақтың әрбір баласынан Ақмешітке деген бір іңкәрлік сезетініміз бар. Елбасының өзі «Сыр – Алаштың анасы» деп бекерден-бекер айтпаған шығар. Ал осы Сырдың бойын жайлап жатқан қалаға деген іңкәрлікті де біз осы арадан табатын сияқтымыз.

Қызылорда қаласының құрылғанына 195 жыл
Астаналық рух деген болады. Ресейдің Санкт-Петербургін, Түркияның Ыстамбұлын қараңыз. Табаныңыз тигеннен бұрын сол мемлекетке астана болғанын, барлық маңызды мәселенің сол қалада шешілгенін сезесіз. Оларды айтпай-ақ, Алматыны алыңыз. Алматы – әрбір қазаққа ыстық қала. Бүгінде аңсарымыз Астанаға ауғанымен Алматыға деген бір қимастықтың әркімде бары білінеді. Сол секілді Сырдың бойын жағалай жатқан Қызылордаңыздан да астаналық рухтың сезілетінін жасырмаймыз. Сонау бір қиын-қыстау заманда, алмағайып кезеңде бұл қала қазаққа астана болды. Осы жерде біздің болашағымыз шешілді. Сондықтан желі бетіңді қарпып, шаңы көзіңді аштырмаса да қазақтың әрбір баласынан Ақмешітке деген бір іңкәрлік сезетініміз бар. Елбасының өзі «Сыр – Алаштың анасы» деп бекерден-бекер айтпаған шығар. Ал осы Сырдың бойын жайлап жатқан қалаға деген іңкәрлікті де біз осы арадан табатын сияқтымыз.
Биыл Алашқа астана болған Ақмешіттің іргетасы қаланғанына 195 жыл толып отыр. Шындығында, қаланың тарихы одан әріде жатыр деген ойымызды жасырып қалғымыз келмейді. Дегенмен, қағазға түскен уақыт осы. Осының өзінде Қызылорданың екі ғасырға жуық тарихы бар екен.
Астана болған, бас қала болған Қызылорданың жай-күйі қандай? Бүгін біз осы тұрғыдан сөз қозғап көрелік.
«Жомарттың қолын жоқтық байлайды» деген сөз бар. Сол сияқты бүгінде бар тірліктің қаржыға кеп тірелетіні белгілі. Соңғы кезде қаланың бюджеті көбейгенін байқаймыз. Жыл басында қала бюджеті 23 миллиард 699 миллион теңге деп белгіленген-тін. Арада алты ай өткенде бюджеттің 40,3 пайызға ұлғайғанының куәсі болып отырмыз. Яғни, дәл осы кезеңде Қызылорданың қазынасы 33 миллиард 251 миллион 390 мың теңгені құрады. Қаржының көзі жеткілікті. Енді не жасалып жатыр?
Республикалық және жергілікті бюджеттен 5 миллиард 317 миллион теңге бөлінді. Бұл тек жол жөндеуге ғана жұмсалатын ақша еді. Осының арқасында жалпы ұзындығы 93,6 шақырымды құрайтын 76 көшеге қайта жаңғырту, күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, қалалық бюджеттен бөлінген 101 миллион 200 мың теңгеге 82 көшенің жолдары ағымдағы жөндеуден өткізілді. Әуежайдан қалаға дейінгі жолдар күрделі жөндеуден өткізіліп, жарықтандырылуда, орталық Жібек жолы көшесі 6 жолақты болып кеңейтілді. Айта кетейік, Жібек жолы көшесі өте аз уақытта сапалы түрде жасалып шықты.
Сонымен қатар, қаланы абаттандыруда да үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. 2013 жылы қалалық бюджеттен бағдаршамдардың, жол белгілері мен жол бағыттағыштарының жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге 10 миллион 600 мың теңге қаралыпты. Бүгінде жаңа үлгідегі 31 бағдаршам және жол белгілері мен жол бағыттағыштары орнатылды. Қалада абаттандыру жұмыстары қарқын алды. Осы жылы қалалықтардың өзекті мәселелерінің бірі жаяу жүргіншілер жолын салуға облыстық, қалалық бюджеттен 923 миллион теңге бөлінді. Аталған қаржыға 24,3 шақырымды құрайтын 20 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынып, 37 көпқабатты тұрғын үйдің аулаішілік жаяу жүргінші жолдары мен автотұрақтары салынуда. Биыл түнгі қаланың көркі ажарланып келеді. Түнгі уақытта неон шамдар көзіңді қыттықтап, самаладай жарқыраған жарықтардан сәуле шашылып тұрады. Сонымен қатар, қазіргі заман талабына сай 50 жерге а втобус аялдамалары орнатылды.
Жалпы, Қызылорда қаласының бас жоспары тұңғыш рет 1976 жылы 18 қазанда жасалған. Одан бері талай заман өтті. Сондықтан қаланың бас жоспары қайта жасалды. Бас жоспарға сәйкес алдағы 10-15 жылдың көлемінде қала Сырдария өзенінің сол жағалауындағы оңтүстік бағытта дамитын болады. Қазірдің өзінде қалада 250 мыңнан астам тұрғын тұрады. Болашақта бұл көрсеткіш 500 мыңнан асады деген болжам бар. Сондықтан да бүгінгі күні дарияның сол жақ жағалауын игеру мәселесі тұр. Сырдария өзенінің сол жақ жағалауындағы жалпы көлемі 1532 гектар аумаққа, өзеннің оң жағалауындағы 30 гектар аумаққа инженерлік геологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен 132 миллион 800 мың теңге бөлінді. Бас жоспарға сәйкес аталған аумақта 5-6 қабатты тұрғын үйлер, 5-9 және 5-12 қабатты әлеуметтік нысандар мен бизнес орталықтар құрылысы жобалануда. Сырдария өзенінің екі жағалауын байланыстыратын Мұратбаев көшесінен автомобиль көпірінің құрылысына өткен жылы облыстық бюджеттен 63 миллион 600 мың теңге бөлініп, жоба-сметалық құжаттары мемлекеттік сараптама қорытындысымен әзірленді. Жобаның жалпы құны 5 миллиард 975 миллион теңгені құрамақ.
Жыл басынан бері пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артып, 50586 шаршы метрді құрады. Республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінген 3 миллиард 177 миллион теңгеге барлығы 44063 шаршы метрді құрайтын 26 тұрғын үй пайдалануға беріліп, 684 отбасы жаңа пәтермен қамтылады.
Бүгінде мемлекеттік саясаттың басты бағыты индустриялық-инновациялық жобаларды дамыту болып табылады. Осы күні Қызылордада үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жасалған карта бойынша және одан тыс құны 1 миллиард 218 миллион теңгені құрайтын 5 инвестициялық жобаны іске қосып, 217 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.
Атап айтқанда: «Жан Арай Жем» ЖШС-нің «Қуаттылығы тәулігіне 80 тонна құрамажем зауыты» жобасы. Жоба құны 280 млн. теңге, жаңадан 18 жұмыс орны ашылады; «Ақбарыс» ЖШС-нің «Мал бордақылау цехы және ет өндіру цехының құрылысы» жобасы. Жоба құны 200 млн.теңге, жаңадан 40 жұмыс орны ашылады; «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда филиалының «50 дана жылыжай құрылысы» жобасы. Жобаның құны 283 млн. теңге. Жаңадан 55 жұмыс ашылады; «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда филиалының «70 дана жылыжай құрылысы» жобасы. Жобаның құны 385 млн. теңге. Жаңадан 70 жұмыс орны ашылады; «Узаков» ЖК-ның «Қабырға және жаяу жүргінші жолдардың материалдарын өндіріс құру» жобасы. Жобаның құны 70 млн.теңге. Жаңадан 34 жұмыс орны ашылады.
Қызылордадан шыны зауытын салу жөнінде шешімнің қабылдануы, қалада көптеген жаңа жұмыс орындарының ашылуын қамтамасыз етіп, өңірдің ел экономикасына қосатын үлесін арттырары сөзсіз.
Қалада алдағы жылу маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Биыл республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген 291 миллион 300 мың теңгеге ұзындығы 2 шақырым магистральді жылу трассалары мен жылу желілері қайта жаңғыртылуда. Алдағы жылу маусымында бірінші кезекте шешуді қажет ететін өзекті мәселелердің бірі – жылу орталығындағы тозығы жеткен №3 турбогенераторды ауыстыру үшін жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан өткізуге облыстық бюджеттен 13 миллион 400 мың теңге бөлінді.
Бұл қалада атқарылып жатқан жұмыстардың бір парасы ғана. Аймақ басшылығының Сырдағы астанаға байланысты іс-жоспарларын сөз етер болсақ, әңгіменің бұдан да ұзайтынын білеміз. Сондықтан осы арадан бір түйіп, Қызылорда қаласының 195 жылдық мерейтойына орай өткізілетін істерді айтайық. Қала күні – бұл тек Қызылорданың ғана емес, барша аудандардың дамуына жаңа серпін беруге тиіс шара болып отыр. Сондықтан Қызылорда қаласының ел өміріндегі стратегиялық маңыздылығын көрсету басты міндеті тұр. Облыс тарихы үшін маңызы бар мерейтойды өз деңгейінде атап өту мақсатында мерекенің негізгі іс-қимыл бағытын анықтайтын «Қала күні» мерекесін ұйымдастыру және өткізудің арнайы тұжырымдамасы дайындалды. Мерекеге дайындық барысында қала аумағындағы көшелер, үйлердің қасбеті мерекеге сай безендіріледі, сондай-ақ гүлзарлар, саябақтар, аула аумақтары, басқа да қоғамдық орындар көгалдандырылып, тәртіпке келтірілуде. «Қала күніне» аймақ аудандары мерекелік тарту жасамақ. Бүгінде қаланың арнайы белгіленген аумақтарында сквер-аллеялар салынуда. Сонымен бірге, қаланың көркемдік-эстетикалық сәнін, келбетін жақсарту бағытында Жібек жолы көшесі бойына арнайы жасанды «гүл композициясы» қойылып, эл