Бұл азамат атышулы Минск - Нұр-Сұлтан авиарейсінің 2001 жылы туған жолаушысы екен. Оған жеңіл дәрежедегі коронавирус инфекциясына шалдыққан деген диагноз қойылған болатын. Толық емдеу курсынан өтіп және екі мәрте алынған ПТР-талдау теріс нәтиже көрсеткен соң, пациент 14 күндік үй карантиніне шығарылды.
Бүгінгі күнде Қарағанды облысында «жаман тұмаудан» жазылғандардың жалпы саны 37 адамға жетті.
Қарағанды облысы