Тағайындау • 26 Сәуір, 2020

Қарағанды облысы: Полиция департаменті бастығының орынбасары тағайындалды

1338 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары лауазымына полиция полковнигі Әбіл Әбілдин тағайындалды.

Қарағанды облысы: Полиция департаменті бастығының орынбасары тағайындалды

Әбіл Қалиакпарұлы Әбілдин 1977 жылы Қарағанды облысындағы Жаңаарқа ауданының Атасу кентінде дүниеге келген. Ішкі істер органдарындағы қызметін 1995 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Семей заң колледжінде курсант болып бастады. 1997-2007 жылдар аралығында Қарағанды қаласының Октябрь аудандық ішкі істер басқармасында түрлі жедел қызметтерде істеген.

2007-2012  жылдары облыстық ішкі істер департаментіне қарасты Октябрь аудандық ішкі істер басқармасында криминалдық полиция бөлімін басқарды. 2012-2017 жылдар аралығында Қарағанды қалалық ІІБ Октябрь аудандық полиция бөлімінің бастығы, 2017-2019 жылдары Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің бастығы лауазымдарында еңбек еткен.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін полиция полковнигі Әбіл Әбілдин облыстық полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының бастығы лауазымында қызмет атқарды.

 

 

Қарағанды облысы