Аймақтар • 26 Сәуір, 2020

Атырау: Теңіз кенішінің тағы 9 жұмысшысынан коронавирус табылды

354 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Атырауда коронавирус инфекциясына шалдыққандар арасында  Теңіз кенішінің  тоғыз​ жұмысшысы бар.

Атырау: Теңіз кенішінің  тағы  9 жұмысшысынан коронавирус табылды

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік жедел штабтың мәліметіне сүйенсек, қауіпті індет белгісі табылғандардың сегізі –ер адам. Олар  1969, 1994, 1977, 1996, 1991, 1979, 1985, 1976​ ​ ​ жылдары туған. Сондай-ақ,  1983 жылғы әйелден де коронавирус  анықталған.

«Бұған дейін коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болғаны үшін​ жұмысшылар карантиндік стационарға жатқызылып, олардан зертханалық сынамалар алынған болатын.​ Аталған азаматтарға жасалған ПЦР диагностикалық зерттеуінің нәтижесі коронавирус инфекциясын растады.​

Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Барлығы дәрігерлердің  қатаң бақылауына алынды.​ Ауру ошақтарына дезинфекция жасалуда» -деп хабарлады өңірлік жедел штабтан.