17 Қыркүйек, 2013

Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі және даму келешегі

590 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстан өңірдегі елдер арасында реформалар көшбасшысы ретінде танылды.

Халықаралық сарапшылар Қазақстандағы жүргізілген мемлекеттік қызмет реформасын жоғары бағалады. «А» басқарушылық корпусын құру және саяси лауазымдар санын 8 есеге қысқартуды сарапшылар кәсібилендіру мен меритократияны күшейту бойынша маңызды қадам, сондай-ақ табыстың бас­ты факторы – Мемлекет басшысының саяси күш-жігері деп санайды.

Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі және даму келешегі

Қазақстан өңірдегі елдер арасында реформалар көшбасшысы ретінде танылды.

Халықаралық сарапшылар Қазақстандағы жүргізілген мемлекеттік қызмет реформасын жоғары бағалады. «А» басқарушылық корпусын құру және саяси лауазымдар санын 8 есеге қысқартуды сарапшылар кәсібилендіру мен меритократияны күшейту бойынша маңызды қадам, сондай-ақ табыстың бас­ты факторы – Мемлекет басшысының саяси күш-жігері деп санайды.

Заңнамалық деңгейде мемлекеттік органның бірінші басшысы ауысқан кезде кадрлардың «командалық ауысуын» азайту үшін ауысу тәртібінде тағайындауға арналған мүмкіндіктер қысқартылды. Олар тек қана мемлекеттік органдар ішінде, сондай-ақ Президент белгілеген жағдайларда ғана жүзеге асырылады. Қалған барлық тағайындау тек конкурстық негізде ғана жүзеге асырылады.

Егер 2012 жылы орта есеппен бір тоқсанда мемлекеттік органдар арасында 3500 ауысу болса, 2013 жылдың 2-ші тоқсанында (заңнамаға өзгерістер енгізілгеннен кейін) ауысу саны 70-тен аз болды, яғни 50 еседен аса қысқартылды. Бір орынға конкурс 4,7 адамнан 8,5 адамға өсті. Басқаша айтқанда, конкурс­тарда бір орынға үміткерлер саны екі есеге жуық артты.

Алғаш рет заңнамамен мемле­кет­тік органдарда конкурстар жүр­гізу кезінде бақылаушылар инсти­туты енгізілді. Бақылаушылар кон­курстық комиссияның жұмысымен танысады және оның жұмысы туралы өз пікірін айта алады. Ба­қылаушылар ретінде БАҚ, қоғамдық бірлестіктер мен өзге ұйымдардың өкілдері қатыса алады.

Қазіргі таңда «А» корпусы лауазымдарына 501 азамат тағайын­далды, олардың ішінде 155-і (30%) осы лауазымдарда бұрын жұмыс атқармаған. Осындай жолмен, «әлеуметтік лифт» іске қосылды.

Қарамағындағы адамдардың сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін басшылардың жауапкершілігі күшейтілді.

Әлемнің жетекші елдерінің тә­жірибесі бойынша уәждеу тетігін енгізу және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің тиімді әлеуетін пайдалану үшін таланттарды бас­қару жүйесін енгізу жоспарлануда.

Мемлекеттік органдарға «эти­ка бойынша кеңесші» енгізу қа­рас­тырылуда. Осы институттың не­гізгі міндеті – этикалық және сы­бай­лас жемқорлық құқық бұзу­шы­­лықтарының алдын алу, мем­ле­­кеттік қызметшілерге сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы күрес мәсе­лелері және қызметтік этика бойынша кеңес беру.

Мемлекеттік қызметте ілгерілеу кезін­де меритократия қағидатын қорғауды күшейту үшін шешімдері мемлекеттік органдар басшыла­ры үшін міндетті болатын Мери­то­кратияны қорғау жөніндегі комиссия құру көзделіп отыр.

Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің басты индикаторлары болып мыналар белгіленді:

1)            мемлекеттік қызметке кадрларды конкурстық іріктеу жүйесіне халықтың сенімін арттыру;

2)            меритократия қағидатының сақ­талуына мемлекеттік қызметші­лер­дің сенімін арттыру;

3)            мемлекеттік қызметті көр­сету сапасы мен қолжетімділігіне қанағаттану деңгейін арттыру.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар