17 Қыркүйек, 2013

Өзара ықпалдастық өрісі

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республи­ка­сын­да­ғы Адам құқықтары жө­ніндегі уәкіл Асқар Шәкіров Италия Рес­публикасы Парламенті Сена­тының бір топ депутаттарымен кездесті.

Кездесу барысында құқық қорғау тақырыптамасымен, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы заң шы­ғарушылық үдерісінің дамуымен байланысты мәселелер кешенінің кең ауқымы талқыланды.

Италиялық парламентарийлер елдегі адам құқықтарымен байланысты қалыптасқан ахуалмен, қазақстандық омбудсмен мекемесі қызметінің негізгі бағыттарымен танысты.

Сондай-ақ, Қазақстан Рес­пуб­ликасын­да кодекстердің жа­ңаша әзірленген редак­циялары шеңберінде қылмыстық, қыл­мыстық-іс жүргізу мен қылмыс­тық-атқару заңнамасын ізгі­лен­діру мәселелері қозғалды. Олар жоғарыда аталған құ­қық салаларындағы нормаларды регла­мент­тейтін болады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар халықаралық құқық қорғау стандарттарын іске асыру саласындағы өзара әрекеттесудің маңыздылығын атап өтті.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар