Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі елшісі Марат Есенбаев Таиланд Корольдігі Парламентінің Өкілдер палатасы Халықаралық мәселелер жөніндегі комитетінің төрағасы Сунай Чулпонгсаторнмен кездесті. Кездесу барысында парламентаралық Қазақстан-Таиланд ынтымақтастық мәселелері талқыланды, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.

М.Есенбаев Қазақстанның қазіргі кезеңдегі экономикалық дамуы, екіжақты ынтымақтастық, сауда мен туризм салаларындағы жағдайымен таныстырды. Сұхбат барысында халықаралық қауіпсіздік пен ядролық таратпау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Қазақстандық дипломат С.Чулпонгсаторнның Астана қаласында өткен «Ядролық сынақтарға тыйым салудан – ядролық қарусыз әлемге» атты конференцияға қатысқанын атап өтті (Астана, 2012 жыл).
Тай тарапы Халықаралық «АТОМ» (Abolish Testing. Our Mission) жобасымен таныстырылып, ол әлемнің әр аумақтарында қолдау тауып отырғанын атап өтті. Қазақстандық дипломат комитет төрағасын Бангкок қаласында қазан айында өтетін «АТОМ жобасы» тұсаукесеріне қатысуға шақырды.