Елорда бұл жөнінен Алматыны басып озды
Астанада соңғы бір айдың ішінде пәтердің бағасы екі пайызға жуық (1,61 %) қымбаттаған болса, Алматыда бұл көрсеткіш бір пайыз дерлік (0,64 %) қалыпты ұстады. Бұл туралы «КазРиэлтНедвижимость» порталына сілтеме жасаған Tengrinews.kz хабарлады.
Елорда бұл жөнінен Алматыны басып озды
Астанада соңғы бір айдың ішінде пәтердің бағасы екі пайызға жуық (1,61 %) қымбаттаған болса, Алматыда бұл көрсеткіш бір пайыз дерлік (0,64 %) қалыпты ұстады. Бұл туралы «КазРиэлтНедвижимость» порталына сілтеме жасаған Tengrinews.kz хабарлады.
Осымен бір мезгілде Астанада пәтердің орта құны қыркүйек айында шаршы метріне 303,6 теңгені (1,9 мың доллар) құрағаны белгілі болды. Елордадағы жылжымайтын мүліктің қайталама рыногындағы пәтердің бағасы шаршы метріне 1,93 пайыздан 307 теңгеге (екі мың доллардан аса) дейін өсті. Жаңа үйлердегі пәтерлер ай ішінде шаршы метріне 0,7 пайыздан 287,1 мың теңгеге дейін көтерілді.
Порталдың мәліметтері бойынша, жеке тұрғын үйлер әдепкі бағаларына 4,09 пайыздық өсім қосты. Бұл орташа бағаның 66,1 млн. теңге (432,3 мың доллар) болғанын білдіреді. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімі, бау-бақшалық жер және ауыл шаруашылығы алқабы ай көлемінде әр сотығына 4,3 пайыздан 1,4 млн. теңгеге дейін өсті.
Бұл аралықта Астанадағы бір және екі бөлмелі пәтерлерді айына орта есеппен тиісінше 87,9 мың және 122,9 мың теңгеге (575 және 803 доллар) жалға алуға болатын еді. Бірінші жағдайда ай ішіндегі жалдық ставка 0,87 пайызға өссе, екіншісінде 0,23 пайызға көтерілген.
Өз кезегінде Алматыда қыркүйек айында пәтерлердің орта бағасы шаршы метріне 300,9 мың теңгені (1,9 мың доллар) құрады. Қайталама рыноктағы тұрғынжай бұл қалада ай ішінде 0,29 пайыздан 297,5 мыңға (1,9 мың доллар) дейін қымбаттады. Жылжымайтын мүліктің бірінші рыногындағы пәтерлер (жаңадан салынған үйлерде) ай көлемінде шаршы метріне 3,27 пайыздан 348,9 мың теңгеге (2,28 мың доллар) көтерілген.
Бұдан басқа, Алматыда жеке тұрғын үйлердің бір нысаны 1,45 пайыздан 49,7 млн. теңгеге (325,1 мың доллар) жетті. Жеке құрылыс салу үшін керекті жер телімі, бау-бақшалық учаске мен ауыл шаруашылығы танабы сотығына 0,22 пайыздан 1,5 млн. теңгеге (9,6 мың доллар) дейін барды.
Бір және екі бөлмелі пәтерлер бұл қалада айына тиісінше 75,1 және 98,4 мың теңгеге (491 және 643 доллар) жалға берілді. Бірінші жағдайда жалдық құнның өсімі 0,8 пайызды құраса, екіншісінде 0,2 пайызға тең болды.
Мұрат АЙТҚОЖА.