Спорт • 27 Сәуір, 2020

Футбол тарихындағы ең даулы 10 трансфер

113 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Спорт хабарларын тарататын атақты америкалық ESPN телеарнасы футбол тарихында жанкүйерлер тарапынан сынға ұшыраған, ең даулы деген 10 трансфердің рейтингін жариялады.

Футбол тарихындағы ең даулы 10 трансфер

Рейтингтің көшін шотландиялық шабуылшы Мо Джонстонның 1989 жылы «Нант» командасынан «Рейнджерс» клубына ауысуы бастап тұр. Мо «Нант» клубына ауысқанға дейін «Селтик» сапында өнер көрсеткен болатын. Сондықтан ол өз еліне қайтуы тиіс еді. Бірақ күтпеген жерде Мо «Рейнджерс» командасымен келісімшартқа отырған.

Екінші орынды португалиялық Луиш Фигудың «Барселонадан» Мадридтің «Реал» командасына ауысқан трансфері иеленді. Сол уақытта Фигу «корольдік клубқа» 36,2 миллион фунтқа ауысқан еді.

Сондай-ақ Сол Кэмпбеллдің «Тоттенхэмнен» «Арсеналға», Роберто Баджоның «Фиорентинадан» «Ювентусқа», Йохан Кройффтың «Аякстан» «Фейеноордқа», Эшли Коулдың «Арсеналдан» «Челсиге», Робин ван Персидің «Арсеналдан» «Манчестер Юнайтедке», Джон Робертсонның «Ноттингем Форесттен» «Дерби Каунтиге», Карлос Тевестің «Манчестер Юнайтедтен» «Манчестер Ситиге» және Джон Оби Микелдің «Манчестер Юнайтедтен» «Челси» клубына ауысуы әлемдегі ең даулы 10 трансфердің тізіміне енген.