Аймақтар • 27 Сәуір, 2020

Ақтауда шала туылған балаға сәтті ота жасалды

575 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы «Ана мен бала» перинаталдық орталығында акушер-дәрігерлер жүкті әйелдің ішіндегі құрсақты аман алып қалу үшін кесір тілігін жасауына тура келген. 29 жастағы жас ананың бұл екінші сәбиін дүниеге әкелуі. Өмірге келген қыз бала мерзімінен бұрын туған. Бұл туралы Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Ақтауда шала туылған балаға сәтті ота жасалды

Маңғыстау облысы перинаталдық орталығының меңгерушісі Үмід Рашидовтың айтуынша, 29 жасар ананың жүктілігі түрлі қиындықтармен өткен. 27 апта 4 күн дегенде кесір тілігі арқылы жүкті келіншекті шұғыл түрде босандырып алу жөнінде шешім қабылданған. Себебі қауіп тек анасы емес, өмірге келмеген нәрестеге де төнген болатын.

Мұндай жағдайда жүктіліктің мерзіміне қарамастан ана мен баланы аман алып қалу үшін міндетті түрде ота жасалады. Осылайша шұғыл әрекет етудің нәтижесінде үстіміздегі жылдың 17 наурызында жергілікті уақытпен 17 сағат 23 минутта салмағы 1000 грамм және бойының ұзындығы 32 см шақалақ дүниеге келді.

Сәби жаңа туған балалардың жан сақтау бөлімшесіне аударылып, «Респираторлық дистресс-синдром» атты алдын-ала диагнозы қойылған. Басқаша айтқанда мерзімінен бұрын дүниеге келген баланың өкпесі дұрыс қалыптаспаған. Оның үстіне құрсақішілік жұқпаның қауіп-қатері болған. Сол себепті алғашында нәрестені жасанды тыныс алу аппаратына қосып қойған, сонымен қатар рентген және ультрадыбыстық зерттеуден өткізген. Нәтижесінде, алғашқы ультрадыбыстық зерттеу шақалақта күретамырлы өзектің 16 миллиметрге дейін ашық екендігін көрсеткен, ал бұл негізінен 15 миллиметрден аспауы тиіс.

«Біз балалар кардиологы және кардиохирургтің кеңесіне жүгінген болатынбыз. Туа біткен жүрек кемістігі деген диагноз қойылды. Балалар кардиохирургі Ордабав Ернұр Аханұлы ота жасады. Ал отаның ұзақтығы 30 минутқа жалғасты. Сәби қазір СИПАП аппаратында жатыр, басқаша айтқанда тыныстық қолдауда. Бұл дегеніміз жасанды тыныс алу емес, мұнда бала өздігінен демала алады. Жалпы мұндай оталар облыстық перинаталдық орталықта 2019 жылдан бері жасалып келеді. Анасы мен қызына барлық жағдай жасалған. Осы отаға қатысқан әрбір ақ халатты абзан жанның орны ерекше, барлығына ризашылығымызды білдіреміз, дейді Үмід Рашидов.

Қазіргі уақытта нәресте өзін жақсы сезінуде. Салмақ қосып келеді. 8 миллиграмнан сүт беріліп отыр. Туған кезіндегі салмағы 1000 грамм болса, қазіргі салмағы 1240 грамм. Бір айдан асты. Сәби өздігінен демалып бастағасын екінші кезеңге өтеді. Әзірге анасы мен қызы перинаталдық орталықта болады. Салмағы 1800 граммнан асқан соң, екпе жасалуы тиіс. Содан соң анасы мен қызы үйіне қайтады.

 

Маңғыстау облысы