
Әдебиет көгінде жасындай жарқырап өткен қайталанбас қалам иесі, талантты жазушы Оралхан Бөкейден қапияда айырылып қалған ел-жұрты арада 20 жылдай уақыт өтсе де талантты ұлын ұмытпапты. Өр Алтайдың төрінде, жазушының кіндік қаны тамған өңірде 70 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған шаралар осыған тағы бір көз жеткізді.
Талантқа тағзым 11 қыркүйекте көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы ХV республикалық байқауымен басталған. Бұл шара Өскеменде басталып, оған Астана мен Алматы қалаларынан, барлық облыстардан жүзден астам талантты жастар қатысты.
Әдебиет көгінде жасындай жарқырап өткен қайталанбас қалам иесі, талантты жазушы Оралхан Бөкейден қапияда айырылып қалған ел-жұрты арада 20 жылдай уақыт өтсе де талантты ұлын ұмытпапты. Өр Алтайдың төрінде, жазушының кіндік қаны тамған өңірде 70 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған шаралар осыған тағы бір көз жеткізді.
Талантқа тағзым 11 қыркүйекте көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы ХV республикалық байқауымен басталған. Бұл шара Өскеменде басталып, оған Астана мен Алматы қалаларынан, барлық облыстардан жүзден астам талантты жастар қатысты.
Таңертеңнен кешке дейін созылған бәйгеде бас жүлдені Алматы облысынан келген Ақниет Нұрланқызы, бірінші орынды Қарағанды облысынан келген Айсана Әшімхан, екінші және үшінші орындарды астаналық Мадияр Жақып, солтүстікқазақстандық Надира Шерімбетова иеленді. Шығыс Қазақстан облысынан қатысқан Толғанай Әукенова, Алматы қаласынан келген Рысбала Икрамбай мен маңғыстаулық Хазырет Төлегенов «үздік шеберлігі үшін» аталымы бойынша марапатталып, байқау жеңімпаздары мен қатысушыларына Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің алғыс хаттары мен дипломдары табыс етілді.
«Мұзарт шыңның мұзбалақ зор құсына,
Аспан тектес бекзада болмысына.
Өр Алтайдың өлкесі, орман, тауы,
Тектілігі – ұлы ұстаз болды, сірә?
Қысқа ғұмыр кешсе де ол қасіретті,
Кең құшағын ғаламға ашып өтті.
Қаламының ұшымен қасиетті,
Адамзатты Алтайға ғашық етті,
деп ақын жырлағандай, табиғаты тамылжыған, ұшар басынан – мәңгі мұз кетпейтін, қарағайы мен самырсыны, мыңжылдық шыршасы көз тартатын ғажайып өңірге тұңғыш рет аяқ басқан Оралханның достары Төлен Әбдік, Қуанышбай Құрманғали ғажап табиғат сұлулығына таңырқап, бас иді.
– Оралханның таланты табиғатымен астасып жатқанына көз жеткіздік. Оның мінез-құлқы табиғатына ұқсас еді. Алтайдай асқақ, оның оқ жетпес құзар шыңдарындай биік, заңғар тауларынан құлап аққан өзендеріндей тасқын, тауларының сілемдерін жайлаған ерке еліктеріндей, Шығыстан жарқырап шыққан жұлдыз еді. Амал не, көзі тірісінде Орашпен бірге осынау ғажайып өлкеге бірге келудің сәті түспеді, енді, міне, 70 жылдық мерейтойын атап өтуге келіп тұрмыз. Сіздер бақыттысыздар, талантты жазушының жерлестері екендеріңізді әрдайым мақтан тұта аласыздар. Өскеменде, енді, міне, Оралханның кіндік қаны тамған өлкеде еңселі де керемет ескерткіш тұрғызуға, жазушының мерейтойын мәнді де мағыналы өткізуге бастама көтерген Алаш руханиятының үлкен жанашыры, тамырында тектілік қаны шымырқанып жатқан облыс әкімі Бердібек Сапарбаевқа ерекше алғыс сезімін білдіргіміз келеді. Сонымен бірге, мерейтойға жан-жақты дайындалған Катонқарағай ауданының басшыларына, қаржылық көмектерін аямаған жазушының іні-қарындастарына, жерлестеріне де бас иеміз, – деді Белқарағай ауылындағы Оралхан Бөкей атындағы мектептің оқушыларымен, ұстаздармен кездесуде қос талант иелері.
Белқарағай ауылындағы Оралхан Бөкей атындағы мектеп 1980 жылы ашылыпты. Жазушының есімі 1998 жылы берілген. Айта кету керек, Кенді Алтайда жазушыға үш мектептің есімі берілген. 1997 жылы сол кездегі қазағы саусақпен санарлық аудан орталығында Глубокое ауданының әкімі, Оралханның досы, ұлтжанды азамат Марат Әкрамовтың ұйытқы болуымен орта мектептің салтанатты ашылуына қатысқан едік. Арада бірнеше жылдан кейін өзендер өрнектеген Өскеменнің жібек мата комбинаты аумағындағы №44 мектепке Оралхан Бөкей есімі берілді.
Мектеп директоры Тоқтарғазы Жайлыбаев келген қонақтарды жазушының мұражайымен таныстырды. Онда Оралханның шығармалары, қазақтың б елгілі ақын-жазушылары С.Омаров, Ғ.Қайырбеков, Олжас Сүлейменов, ғалым-өнер сүлейлерімен түскен суреттері, сирек кездесетін құжаттар қойылған. Екінші қабаттағы ұстаз Күмісай Тыныбекованың ұйымдастыруымен Оралханға арнап шәкірттер салған суреттері мен туындылары да көз тартады.
Іскер азамат, осы мектепте білім алған меценат Серік Толықбаев ауылға мешіт салып берген, мұражайға көмектесіп тұрады, 15 жыл бойы үздік оқитын бірнеше оқушыға стипендия төлеп келеді. Ол-ол ма, Серік ініміз мектеп мұражайына жазушының 123 кітабын сыйлапты. Белгілі журналист, Оралханның қаламдас інісі Қайырды Назырбаев та мектеп мұражайына аса сирек кездесетін 31 суретті сыйлапты. Серіктің анасы, Оралханның апайы Клара Мағзұмова да мектепте ұзақ жылдар жемісті қызмет етіп, осы білім ордасынан зейнеткерлікке шыққан. Клара апай Оралхан өміріне қатысты бізге беймәлім біраз жайларды ортаға салды. Бұдан кейін ақын-жазушылар Төлен Әбдік, Кәдірбек Сегізбаев, Жанай Омар, Жұмабай Шаштайұлы, Нұртөре Жүсіп, Ұлықбек Есдәулет, Шәрбану Бейсенова, Нұрдәулет Ақыш, «ҚазАқпарат» баспа корпорациясының бас директоры Қонысбек Ботбай, «Замана-Қазақстан» халықаралық газетінің бас редакторы Шәмшиддин Паттеев, тағы басқалар сөз алып, естелік айтты, Оралхан туралы кітаптарды ұстаздар мен оқушыларға сыйға тартты.
Жазушының кіндік қаны тамған Шыңғыстайдағы Оралханға арналған тас мүсін бұдан екі ай бұрын келгенімізде, жүдеу көрінген. Мүсіннің қайта қалыпқа келгенін байқадық, жарқырап тұр. Оралханның ауылындағы екі-үш көшеге асфальт төселіпті, оған демеушілік жасаған осы өңірдің тумасы Темірбек Исабаев. Жаны жайсаң, көңілі жомарт Темірбек ініміз той шашуы деп 5,5 миллион теңгені беріпті. Катонқарағай ауданының бұрынғы әкімі, қарапайым, өнегелі істерімен жұртшылық алғысына бөленген Арман Бекбосынов пен «Өскемен-құрылыс» компаниясының басшысы, «Құрмет» орденді Ержан Сқақов той шеңберінде өткізілетін сайыстардың жеңімпаздарына деп бір-бір жеңіл көлік атапты. Шымкенттегі «Айғақ» медиакомпаниясының президенті, белгілі журналист Дулат Әбіш Оралхан қайтыс болған Үнді елінде, жерленген Кеңсайда, бірнеше рет кіндік қаны тамған өңірде болып, деректі фильм түсіріпті. Осы жолы жазушы мерейтойы құрметіне бәйге жариялап, Шымкентте 28 қыркүйекте жазушының туған күні жеңімпазға темір тұлпар сыйламақ. Бәрекелді! 12-ші қыркүйек күні Шыңғыстайда тағы бір елеулі оқиға болды. Бұрындары үлкен ауылда мешіт болмаса, сол күні Мажыра, Баянғазин ұрпақтары ықшам да сәнді имандылық үйін салтанатты жағдайда ашты. Запастағы полковник Ербол Баянғазин мен ағасы Социал Мажыра имандылық үйі даңқты жерлесіміздің мерейтойында ашылғанын жақсылыққа жорыды. Мешітте құран оқылды, бата берілді.
Оралханның мұражайы алдына халық көп жиналды. Той басқарып жүрген жазушы Дидахмет Әшімханов Шыңғыстай ауылы жайлы тың деректерді айтып берді.
– Бір кездері бұл ауыл Шәңгіштай деп аталған екен. Оралхан жазушылыққа бала кезден құмарланды. Өр Алтайдың құнарлы табиғатынан уызданған қаламгер өзгеге ұқсамайтын қолтаңба қалдыра білді, повестері мен сағынышқа толы әңгімелерін, романдарын бірінен кейін бірін шығара бастады. Жазушының шығармалары орыс тілінде орталық басылымдарда жарық көріп жатты. Енді, міне, ел-жұрты жазушы талантына бас иіп, мерейтойын жасауда, – деді Д.Әшімханов.
Оралханның бірге оқыған досы Аманжан Нақсарин мұражайдағы жәдігерлер жайлы баяндап берді, жазушы шығармаларының дені осы үйде жазылғанын айтты. Қонақтар мұражайға сый-сияпатын ала келіпті. Сонау аумалы-төкпелі заманда көрші елге ауып кеткен, бүгіндері Қытай елінде берекелі де іргелі әулетке айналған қандастарымыздың бір тобы келіп, жүрекжарды лебіздерін айтқан кезде қатты толқыдық, тебірендік.
Шыңғыстай ауылындағы Мәдениет үйіне жер-жерден келген қонақтар мен ақын-жазушылар сыймай кетті. Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің қолдауымен «Ел-жұрт» баспасынан жарық көрген жазушының 7 томдығы, қалыңдығы 1050 беттік «ҚазАқпарат» баспасынан «Әдебиет әлемі» сериясымен жарық көрген «Біздің Оралхан», Дидахмет Әшімханның жетекшілігімен өмірге келген «Біздің Оралхан» және Ресейдің Қосағашынан арнайы келген шежіреші Пионер Мұқтасаровтың «Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы», барлығы 4 кітаптың тұсаукесері мәнді де мағыналы өтті. Д.Әшімханов 7 томдық жинақтың бірнешеуін мұражайға тарту етті. «Біздің Оралхан» атты кітапқа жазушының бұрын еш жерде жарияланбаған шығармалары еніпті.
Тұсаукесер рәсімінде Оралханның достары Төлен Әбдік, Қуанышбай Құрма