17 Қыркүйек, 2013

Дүкенбай ДОСЖАН

5134 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Қазақ әдебиеті үлкен қазаға ұшырады. Аса көрнекті жазушы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дүкенбай Досжан 71 жасында кенеттен дүние салды.

Ол 1942 жылы 9 қыркүйекте Қызылорда облысындағы Жаңақорған ауданының Құланшы ауылында туған. 1964 жылы ҚазМУ-ді үздік бітірген соң Алматы облыстық «Жетісу» газетінде, «Жазушы» баспасында, ҚР Баспа комитетінде, Қазақстан Жазушылар одағында, «Жалын» журналында, Авторлық және аралас құқықтар жөніндегі агенттікте жауапты қызметтер атқарды. 1996-2002 жылдары ҚР Ұлттық Банкі мұражайының директоры, 2002 жылдан «Мәдени мұра» – «Культурное наследие» журналының бас редакторы болды.

Дүкенбай Досжан ХХ ғасырдың 60-жылдары әдебиетке келіп, қазақ прозасының дамуына айрықша үлес қосты. Оның құнарлы қаламынан 10 роман, 20-дай хикаят, 100-ден аса әңгіме дүниеге келіп, қалың оқырманның рухани қазынасына айналды. Әлемнің 20 тілінде жеке кітаптары, 2002-2003 жылдары аралығында 13 томдық шығармалар жинағы жарық көрді.

Дүкенбай Досжан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері. Түркістан қаласының және бірнеше аудандардың құрметті азаматы.

«Зауал» романы үшін 1974 жылы «Молодая гвардия» баспасының «Қазіргі заманғы жақсы роман» сыйлығын, 1988 жылы Украинаның «Днепро» баспасынан шыққан «Жібек жолы» романы үшін «Тарихи тақырыптағы жақсы кітап» сыйлығын алған.

Қазақ сөз өнерінің ірі өкілі болған қаламгер Дүкенбай Досжанның еңбекқор, қарапайым, аяулы бейнесі ел есінде сақталады. Қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған үздік шығармалары оқырмандармен бірге жасай береді.

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Қазақстан Жазушылар одағының басқармасы.

Бақұл бол, бауырым!

Әдебиетімізге тап келген ауыр қаза туралы алыс сапарда жүріп естідім. Қазақ оқырманы тынымсыз ізденіс үстінде жүретін қаламы ұшқыр, ойы жүйрік, талантты жазушымыз Дүкенбай Досжанның жаңа шығармасын ұдайы тосып отыратын. Ылғи соны әсер, соны пікір, соны сөз іздейтін және табатын табанды қаламгер дәніккен оқырманын дәйім қуантатын. Енді сондай жарастықты жолығыстар біржолата тыйылды дегенге тіпті де сенгің келмейді. Дүкенбай мен оқырманның өмір жайлы мазмұнды сұхбаты еш уақытта толастамайды. Оған артында қалдырған мол мұрасы айғақ. Бақұл бол, бауырым Дүкенбай!

Әбіш КЕКІЛБАЙҰЛЫ.

Асыл досымнан айырылдым

Дүкеш іні, досымның қазасын е