Елорда • 27 Сәуір, 2020

Нұр-Сұлтанда Ұлы Отан соғысы ардагерлері 1 млн теңгеден алады

34 реткөрсетілді

9 мамырға ақшалай төлемдер ардагерлердің жесірлеріне, тыл еңбеккерлеріне және басқа да бірқатар санаттарға қарастырылған, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.


1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге байланысты Нұр-Сұлтанда Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері 1 млн теңгеден алады.

Қазіргі таңда елордада ҰОС 44 ардагері бар. Сонымен қатар, тыл еңбеккерлері, қайтыс болған ҰОС мүгедектері мен қатысушыларының әйелдері, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген барлық адамдар да бір жолғы ақшалай төлемдерді алады.

Атап айтқанда, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға – 75 мың теңгеден (405 адам), жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдарға, оның ішінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, соғыс жылдарында қайтыс болған ҰОС ардагерлерінің жесірлеріне, тыл еңбеккерлеріне – 32 500 теңгеден (3 529 адам) біржолғы ақшалай төлемдер қарастырылған.


Соңғы жаңалықтар

Covid-19: Тағы 1 адам қайтыс болды

Коронавирус • Кеше

Covid-19: Тағы 184 адам жазылды

Коронавирус • Кеше

...Түкті кілем, көк кілем

Аймақтар • Кеше

Ғасыр зұлматы

Қоғам • Кеше

Құрдым (төрттаған)

Әдебиет • Кеше

Ұқсас жаңалықтар