Аймақтар • 27 Сәуір, 2020

Ашу ажал құштыра жаздады

658 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құлақ естісе де көз көрмеген оқиғалар карантиндік режім уақытында да болып жатыр. Солтүстік Қазақстан облысындағы Уәлиханов ауданының 1967 жылы туған бір тұрғыны кеше үй-ішіндегі жанжалдың салдарынан туған ашудан үстелдің үстінде жатқан бәкі мен оттықты жұтып қойыпты...

Ашу ажал құштыра жаздады

Аудандық ауруханаға жеткізілген оны Қызылжарға апару ұзақ уақыт алатындықтан облыстық аурухананың хирург  мамандары санитарлық авиациямен ұшып барып, аудандық ауруханада ота жасаған. Бәрін ұйымдастырып, отаны жасаған аурухананың көпсалалы орталығының жетекшісі хирург Руслан Әбетов.  Сәтті жасалған ота барысында науқастың қарнынан бәкі мен оттық алынып, орыны тігілген. Қазір оның жағдайы қалыпты. Алғашында ешкіммен сөйлеспеген ол қазір психологиялық стресстен арылып, тілге келген.

«Азаматтың психикалық ауытқулығы жоқтығы, ешқандай диспансерде есепте тұрмайтындығы да анықталды. Оқыс әрекетке үй ішіндегі жанжал ғана себеп болған деген алғашқы қорытынды шығарылған», дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Сөйтіп, айдың күні аманында оқыстан келіп қалған ажалдан бір азамат әупіріммен аман қалды.

Солтүстік Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар