17 Қыркүйек, 2013

Саяси доктрина жобасы талқыланды

301 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Таяуда «Ғылым қоры» АҚ-та «Нұр Отан» партиясының «Нұр Отан. Нұрлы болашақ жолында!» саяси доктрина жобасы талқыланды. Оған «Ғылым қоры» АҚ бастауыш партия ұйымының мүшелері мен ұжым мүшелері толық қатысты.

Таяуда «Ғылым қоры» АҚ-та «Нұр Отан» партиясының «Нұр Отан. Нұрлы болашақ жолында!» саяси доктрина жобасы талқыланды. Оған «Ғылым қоры» АҚ бастауыш партия ұйымының мүшелері мен ұжым мүшелері толық қатысты.

Жиналысты «Ғылым» бастауыш партия ұйымының төрағасы, «Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы А.Байшекеев ашты. Күн тәртібіндегі мәселе – «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру аясында «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының жаңа міндеттері туралы А.Байшекеев жиналған қауымды таныстырды. Ол өз сөзінде «Бастауыш партия ұйымының басты мақсаты партия Көшбасшысының жаңа саяси бағдарының негізгі бағыттарын өз ұжымында, ұйымында және жұмыс орнында белсенді жүзеге асыру болып табылады.

Біздің жоспарларымыз стратегия­лық сипатта, еліміздің алдында тұрған ауқымды мақсаттарды ескере отырып, соған сәйкестендірілген болу керек. Бастауыш партия ұйымдары және оның мүшелері саяси жұмыстың жаңа формаларын тауып, игерулері тиіс.

Біз өз ұжымымызды, оның әрбір қыз­меткерін қамту үшін ауқымды ақпа­­раттық-насихаттық жұмыстарды тұрақ­ты түрде жүргізіп отыруымыз қажет. Ұлт­тық жалпы табыс әрбір адам­ның, әрбір азаматтың табысынан құралады. Біздің әрқайсымыз жаңа қазақ­стан­дық патриотизмнің рухани құн­ды­лық­тарын қалыптастыруымыз қажет. Әрбір «нұротандық» негізгі бағыт­тары «Қа­зақ­стан-2050» Страте­гия­сында анық­тал­­ған елімізді ауқымды жаң­ғыр­ту­ға белсенді қатысуы тиіс», деп атап көрсетті.

Баяндамадан кейін өз пікірлерін білдірген партия мүшелері мен ұжым мүшелері «Қазақстан-2050» Стра­тегиясының негізгі міндеттерін жүзеге асыру арқылы Қазақстан әлемнің таңдаулы мемлекеттерінің қатарынан орын алатынына толық сенетіндіктерін және тек еліміздің ғана емес, сонымен бірге, партиямыздың жаңару мен жаңғырту стратегиясын жүзеге асыру үшін барлық күш-жігерлерін салатындарын білдірді.

А.Байшекеев жиналысқа қаты­сушыларды «Нұр Отан» партиясының саяси доктринасы жобасымен таныс­тыра отырып, «Нұр Отан. Нұрлы болашақ жолында» саяси доктринасы еліміздің ұстанып отырған саясатына сәйкес дер уақытында ұсынылып отырған маңызы зор іргелі құжат деді. «Нұр Отан» партиясының мүшелерінің талқылауына ұсынылып отырған «Нұр Отан. Нұрлы болашақ жолында!» сая­си доктринасында партияның идеологиясы нақтыланып, ұзақ мерзімге арналған негізгі құндылықтары ай­қын­далып көр­сетілген. Доктрина Ел­басының мемле­кет­тік бағытының тұрақ­тылығы мен баян­­дылығын, көр­кеюін қамтамасыз ете­тін тірек ретінде «Қазақстан-2050» Стра­­тегиясын табыс­ты жүзеге асыруға қыз­­­мет етеді және оның қызмет ету мер­­зі­мі бірнеше он­жылдықтарға есептел­ген».

Баяндамадан кейін сөз алған партия және ұжым мүшелері «Нұр Отан» партиясы ұсынып отырған «Нұр Отан. Нұрлы болашақ жолында!» саяси доктринасын толық қолдайтынына және жүзеге асыруға белсене атсалысатындарына сендірді.

Жиын соңында қатысушылардың талқылауымен және мақұлдауымен «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру аясында «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының жаңа міндеттерін жүзеге асыру және «Нұр Отан» партиясының «Нұр Отан. Нұрлы болашақ жолында» саяси доктринасы жобасын қолдау туралы қаулы қабылданды.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар