Елорда • 27 Сәуір, 2020

Нұр-Сұлтанда карантин аймағынан өту әрекеті үшін 143 азамат қамауға алынды

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ескертулерге қарамастан, жол бөгеттерін айналып өтіп, карантин аймағынан өту әрекеттері тоқтамай тұр, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтанда карантин аймағынан өту әрекеті үшін 143 азамат қамауға алынды

Қалалық полиция бөлімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Нұр-Сұлтан қаласында карантин басталғалы 3 347 азамат жауапқа тартылып, оның 226-сы қамауға алынды. Сондай-ақ 2348 адамға айыппұл салынып, 699 құқық бұзушыға ескерту жасалды. 74 іс сотта қаралуда. Әкімдіктің коммуналдық тұрағына 1160 көлік қойылды.

«Шектеулер мен ескертулерге қарамастан блок-посттарға тоқтамай, карантин аймағын кесіп өту әрекеттері жиі орын алуда. Бүгінде 143 адам қамауға алынып, 44 адамға айыппұл салынды. 24 материал сот қаруына жіберілді», – дейді баспасөз қызметі.

«Құрметті қала тұрғындары, біз халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін карантин кезінде қойылған шарттардың қатаң сақталуын талап етеміз. Қабылданған шараларға түсіністікпен қарап, полицияның заңды талаптарын орындаңыз және оларға инфекцияның алдын алуға көмектесіңіз. Бұл шаралардың барлығы сіздің және жақындарыңыздың денсаулығы үшін жасалды», – делінген хабарламада. Ал Нұр-Сұлтан қалалық полиция бөлімі арнайы режимде жұмысын жалғастыруда. Елордада коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау, азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда.