17 Қыркүйек, 2013

Қартаймаудың құпиясы

1051 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Іс басқармасының Алматыдағы медициналық орталығында Ресей медицина академиясының корреспондент-мүшесі, Еуропа геронтология және гериатрия қауымдастығының президенті, медицина ғылымдарының докторы, профессор Владимир Хавинсон тәжірибе-сағатын өткізіп, адам ағзасының тез қартаюына әкелетін жайттар жайында кеңінен ақпарат берді.

Қазақстан Президенті Іс басқармасының Алматыдағы медициналық орталығында Ресей медицина академиясының корреспондент-мүшесі, Еуропа геронтология және гериатрия қауымдастығының президенті, медицина ғылымдарының докторы, профессор Владимир Хавинсон тәжірибе-сағатын өткізіп, адам ағзасының тез қартаюына әкелетін жайттар жайында кеңінен ақпарат берді.

Соңғы 10 жылда еліміздегі ана өлімі 3 есе азайып, сәбилердің шетінеуі – 1,5 есе кеміген. Ал халықтың орташа өмір сүру жасы 69-ға жеткен. Міне, бұл көрсеткіштер Қазақстанда адам дамуы индикаторының жетістігіне, халықтың денсаулығын қорғау жүйесіне қосылған үлкен үлес. Ресейдің геронтология ғы­лы­мы саласындағы көрнекті ға­лымының аталмыш ауруханаға келіп тәжірибе-сағатын өткізуінің өзіндік сыры бар. Қазақстан Президенті Іс басқармасының медициналық орталығының бас дәрігері Әмір Ахетовтың айтуынша, мұнда медицина ғылымдарының докторы, профессор В.В.Бенбериннің жетек­шілік етуімен қартаюдың тіндік, гуморальдық, ну­три­­­циональдық және пато­гене­тикалық тетіктерінің дамуы, сондай-ақ, гериатрия саласында клиникалық ғылыми жұмыстар жүргізуде бұрынғы мемлекеттік қызметкерлерге тұрақты меди­циналық қызмет көрсететін емдеу орны негізгі база болып табылады. Соның нәтижесінде Орталықтағы ме­дициналық кызмет көрсететін контигенттердің орташа жасы 80-ге жетті. Мұнда 90 және одан да жоғары жастағы 158 адам тіркелген.

– Ғалымдар әдемі қартаю мен жастықты сақтаудың жолдарын, әдістерін мыңдаған жылдар бойы іздеп келеді, – дейді профессор Владимир Хавинсон. – Дәлірек айтсақ, бұл ғылымның, оның ішінде фундаментальды ғылымның еншісінде. Қазіргі кезде ғалымдар қартаюдың әртүрлі анықтамаларын табуда. Біреулері қартаюды жасушалық заттың физико-химиялық құрылым өз­герісі десе, өзгелердің ойынша, қартаю ішкі және сыртқы ортадан қорғанудың, физиологияның төмендеуі дейді. Бірақ, қалай десек те, қартаю – табиғи құбылыс.

Профессор геронтология мен гериатрия бойынша Кореяда өткен соңғы дүниежүзілік конгрес­ке жүз мемлекеттен бес мың делегат қатысқанын, олар әрқайсысы өз жетістіктерін ортаға салғанын айтты. Сондағы түйгеніміз дейді ол, қартаюдың негізгі емі – дәрі-дәрмек емес, саламатты өмір сүру салты мен мәдениеттіліктің, ағарту ісі мен тәрбиенің деңгейіне байланысты екен.

Тәжірибе сағаты барысын­да профессор Қазақстанда жо­ғары технологиялық медицина саласы қарқынды дамып келе жатқанын әрі дәрігерлердің біліктілігі арт­қанын, бұл мәселеге Президент Н.Назарбаевтың ерекше көңіл бөліп, қолдау көрсетіп отырғанын атап көрсетті.

– Әрине, Ресей мен Украинада геронтология және гериатрия инс­титуттары, кафедралары бар, бірақ Қазақстан ТМД елдері бойынша осы салаға үлкен көңіл бөліп отырған үшінші мемлекет. Ендеше, бұл мәселенің күрделілігін, бо­ла­шағын түсініп, оны қолға алып отырған ҚР Президенті Іс бас­қармасының медициналық орталығы мен оған жетекшілік етуші профессор В.В.Бенбериннің жаңа технологияны, жаңа білімді Қазақстанға әкелуді ойластырып, осыншама жұмыс атқарып жатқаны, әрине, өте құптарлық әрі қуанарлық жайт, – деді ол.

Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар