![СІМ өкілі Түркиядан қайтару мәселесі туралы түсіндірді](/media/2020/04/27/photo5851849459007335181.jpg)
«24 сәуірде Turkish Airlines әуекомпаниясының ұшағымен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан Түркияның 160-тан астам азаматы өз елдеріне оралды.
Біздің Анкарадағы елшілігіміз қазақстандықтарды Түркиядан осы ұшақпен қайтып әкелу мәселесін алдын ала түрік тарапымен пысықтаған болатын. Алайда, түрік тарапы біздің отандастарымызды аталған ұшаққа отырғызудан бас тартты.
ҚР Сыртқы істер министрлігі шет елдегі біздің азаматтарымызға олардың отанға оралуына көмек көрсетуін жалғастырады», -деді СІМ өкілі.