Бұған дейін мазутпен жылытылып келген Арқалықты біртіндеп көмір қызуымен жылытуға көшіру мақсатында биыл «Арқалық қаласының жылумен жабдықтау жүйесін 2030 жылға дейін қайта жаңарту» жобасы іске асырыла бастайды. Жобаны жүзеге асыруға 2020 жылы бюджеттен 3526,5 млн теңге бөлінді. Ал 2021 жылы тағы 4981,2 млн теңге бөлу қарастырылған.
Арқалық жылу энергия орталығына алдағы жылу маусымына 48 мың тонна көмір сатып алу көзделіп отыр. Бұған облыстық бюджеттен 733,6 млн теңге бөлінбек.
Жиын барысында биыл Науырзым ауданы Қарамеңді ауылында жылу қазандығының салынатыны белгілі болды. Сондай-ақ, Федоров ауылында табиғи газбен жұмыс істейтін блоктық-модульдік қазандық құрылысы бойынша 7 жоба іске асырылады.
Қостанай облысы