Аймақтар • 27 Сәуір, 2020

Тараз дүкендеріндегі азық-түлік бағалары үнемі бақылауда

344 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазіргідей карантин кезеңінде әлеуметтің әлеуметтік мәселелері де үлкен маңызға ие. Әсіресе дүкендердегі азық-түлік бағасының тұрақтылығы басты мәселе. Бұл орайда Тараз қаласының әкімдігі тұрғындар арасында түйткілді мәселелерді болдырмау үшін азық-түлік бағасын бақылауда ұстап келеді.

Тараз дүкендеріндегі азық-түлік бағалары үнемі бақылауда

Жергілікті билік тарапынан осы уақытқа дейін шаһардағы шағын және орта сауда орындарындағы баға тұрақтылығы үнемі қадағалануда. Бүгін де Тараз қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бөлшек сауда бағаларына мемлекеттік бақылау жүргізу мақсатында құрылған жұмысшы тобы қала аумағында орналасқан 6 дүкенді аралады. Олардың ішінде «Юбилейный», «Әуес», «Халил», «Таңшолпан» және «Дәулет» орта және шағын супермаркеттері бар. Аталған дүкендердегі тауарларды да халық көп тұтынатын болғандықтан, мұндағы баға мәселесі де өзекті. Осы орайда, қаладағы бірқатар сауда нүктелерінің де бағаны заңсыз көтергені анықталып, нәтижесінде бәрі қалпына келтірілген.

Тараз қалалық әкімдігінің мәліметінше, аталған 6 дүкендегі әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағалары бірлескен бұйрық арқылы белгіленген шекті бағалармен сәйкестендірілген. Сонымен қатар, «Нұрислам» супермаркетінде де қарақұмықтың бағасы 440 теңге болып кеткен. Алайда, бұл баға қала әкімдігі тарапынан 260 теңгеге өзгертілген. Қазіргі кезде қалада қарақұмықтың бағасы 260 теңгеден сатылуда.

 

Жамбыл облысы