17 Қыркүйек, 2013

Кэсон аймағы жұмысқа кірісті

275 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Шарайна

Пхеньян мен Сеул арасында бес айға созылған келіссөздер бірлескен Кэсон өндірістік аймағының ашылуымен аяқталды. Оңтүстік пен Солтүстік шетел инвесторларын тартып, Кэсонды халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті индустриялық кешенге айналдырмақ.

Бұл оқиға Пхеньян мен Сеул арасындағы саяси шиеленіс салдарынан бес ай кешігіп орын алып отыр. Сөйтіп, 16 қыркүйекте жер­­гі­лікті уақытпен 8.00-де жүк көліктерінің ұзын тізбегі КХДР шекара­сын кесіп өте бастаған. 800-ден астам Оңтүстік Корея азаматтары осы бірлескен өндірістік аймаққа келуі тиіс. Сеулдің пікірінше, Кэ­сонның шетел инвесторлары үшін қолжетімді болуы КХДР-дің бо­лашақта кешенді қайтадан жауып тастамауына кепілдік беретін болады.

Сирия бойынша баяндама ұсынылмақ

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун 15 қыркүйекте Сирияда химиялық қару қолдану фактісін анықтау жөніндегі БҰҰ миссиясының баяндамасын алды. Таяуда Бас хатшы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мүшелері алдында осы мәселе бойынша брифинг өткізуі тиіс.

Пан Ги Мун журналистермен БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде кездесетін болады. Осы кездесуде Бас хатшы миссияның БҰҰ Бас Ассамблеясы алдындағы баяндамасы бойынша да брифинг өткізбек. Осы орайда, БҰҰ-ның Сирияда химиялық қару қолдану фактісін анықтау жөніндегі миссиясының ол елде 18-31 тамыз аралығында екі апта бойы тексерулер жүргізгенін айта кету қажет.

Меркельдің партиясы жеңіске жетті

Ангела Меркельдің Христиандық-әлеуметтік одақ партиясы Бавариядағы сайлауда өзі үшін парла­мент­­­тегі басым көпшілік орынды қамтамасыз етті. Алдын ала хабарланған ресми мәліметтерге сәйкес, ХӘО сайлаушылардың 47,7 пайыз дауысына ие болған.

Осыдан бес жыл бұрын партия 43,4 пайыз дауыс жинаған болатын. Оның былайғы саяси қарсыластары – Еркін демократтар мен СвДП 5 пайыздық межеден аса алмай қалды. Өз кезегінде социал-демократтар өткен жылғы сайлауға қарағанда, жағдайларын жақсартып, сайлаушылардың 20,6 пайыз дауысына ие болған. Ал 2,1 және 2 пайыз ғана дауыс жинаған солшыл партия мен пираттар партиясы парламентке өте алмай қалды.

Тайфун тағы қауіп төндіруде

Кеше таңертеңгілік Жапонияның шығыс жағалауына жеткен қуатты тайфун «Фукусима-1» АЭС-інің бөгетін бұзып кету қаупін төндіруде.

Жоғары радиоактивті сұйық толып тұрған ыдыстардың бұзылуына жол бермеу үшін оператор-компания әкімшілігі жаңбыр суын мұхитқа ағызып жіберу жөнінде шешім қабылдаған. Мамандар барлық бөгеттерде шұғыл өлшеу шараларын жүргізуде. Егер жоғары радиоактивтілік байқалар болса, уланған су бірден болат цистерналарға ауыстырылатын болады. Бұған дейін «Фукусиманың» жерасты суларындағы тритий деңгейінің 20 еседен астамға ұлғайғаны және оның әлі де өсу үстінде екені белгілі болған-ды.

Су тасқыны әкелген апат

Американың Колорадо штатында болған су тасқыны салдарынан, алдын ала мәліметтер бойынша, 6 адам қаза тауып, 1200-дей адам хабар-ошарсыз кеткен.

Штат губернаторы Джон Хикенлупердің мәлімдеуінше, хабар-ошарсыз кеткендердің көпшілігіне қауіп төніп тұрған жоқ, бар болғаны олар телефон сияқты байланыс коммуникацияларынан қол үзіп қалғандықтан, туыстарымен хабарласа алмай отыр. Осы орайд

Соңғы жаңалықтар