Науқастар толық емдеу курсынан өтті және екі мәрте алынған ПТР-талдау теріс нәтиже көрсеткеннен кейін олар үй карантиніне шығарылды.
Сырқаттан сауыққандардың арасында екі жастағы сәби де бар. Сондай-ақ, жазылып шыққандар қатарында Шахтинск қаласының 1989 және 2018 жылдары туған екі тұрғыны және үш қарағандылық бар. Бұлардың бәрі COVID-19 індетінің жеңіл түрімен ауырған.
Бүгінгі күнде облыста жазылып шыққандардың жалпы саны 43 адам болды.
Қарағанды облысы