Аймақтар • 27 Сәуір, 2020

Қостанайда әскери міндеттілердің сапқа тұру рәсімі өтеді

653 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті әскери міндеттілердің қызметке жарамдылық дәрежесін анықтау бойынша медициналық тексері өткізді. Сондай-ақ, әскери қызметке шақырту алғандарда коронавирустық инфекцияның бар-жоғын тестілеу ұйымдастырды.

Қостанайда әскери міндеттілердің сапқа тұру рәсімі өтеді

Медициналық комиссия 65 үміткердің ішнен 50 адам іріктеп алды. Барлық шақырылушылар Қостанай қаласының құрылыс колледжінің жатақханасында орналастырылды» - деп мәлімдеді жедел ақпарат штабы.

Ертең, яғни 28 сәуір күні сағат 15.00-де құрылыс колледжі алдындағы алаңда арнайы әскери жиынға шақырылғандардың салтанатты сапқа тұру рәсімі өтеді. Сарбаздар саптық байқаудан өтіп, одан кейін қаланы дезинфекциялау жұмыстарына кіріседі. Дезинфекцияны тиімді және қауіпсіз жүргізу мақсатында барлық әскерге шақырылушылар қорғаныс және техникалық құралдарымен - комбинезон, қорғаныс маскалары, қолғап, аспалы бүріккіштермен  қамтамасыз етілді.

Жаңа жасақталған әскерилер облыс орталығындағы балаларға арналған ойын алаңқайларын,  тұрғын үйлердің кіре беріс дәліздері мен  аулаларды залалсыздандырады.

 

 Қостанай