17 Қыркүйек, 2013

Италияның батып кеткен кемесі табылды

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

17 09-Italya kemeӨткен жылдың қаңтар айында Италияның суға батып кеткен «Costa Concordia» кемесі жақында табылды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

«Кемені іздеу ісі нәтиже берді», – деп мәлімдеді Италия азаматтық қорғаныс қызметінің жетекшісі Франко Габриэлли.

Кемені көтеруге 500-ге жуық адам қатысты. Салмағы 114 мың тонна тартатын алып кемені тік қалыпқа келтіру үшін оны 65 градусқа көтеруге тура келген. Ол үшін Джильо аралының жағалауында бетоннан жасалған арнайы құрылғы құрастырылды.

Италияның «Costa Concordia» кемесі 2012 жылдың 14 қаңтарына қараған түні апатқа ұшыраған болатын. Ол кезде кеме ішінде 4,2 мың адам болған екен. Апат салдарынан 30 адам қаза болып, тағы екеуі із-түссіз жоғалды.

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар