Акцияға ат салысқан олар Талдықорған қаласындағы зейнеткерлерге, көп балалы әулеттерге және аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсетті.
- Біз халықтық акцияны үлкен ықыласпен қолдаймыз. Талдықорған қаласында тұратын көп балалы отбасылар мен зейнеткерлерге, өмірдің қиын жағдайына тап болған жалғыз басты аналарға азық-түлікпен көмек көрсету туралы шешім қабылдадық. Карантин режиміндегі тыйымдарға байланысты біздің зейнеткерлеріміз дәрі және азық-түлік тауарларын алу үшін таяудағы азық-түлік дүкеніне бара алмай қиын жағдайға тап болды. Оған себеп, зейнет жасындағы адамдарда вирус жұқтыру қаупінің өте жоғары болуы. Біз бұл жағдайлардың бәрін ескеруге тырыстық. Осыған орай, біз алдын ала оларға хабарласып, қажетті дәрі-дәрмек пен азық-түліктің тізімін алып, бірінші сұранысқа ие тауарларды жеткіздік, - дейді Алматы облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы, полковник Дәурен Сәкенов.
Алматы облысы