Маңғыстау облысында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспары әзірленді. Кешенді жоспар шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 19 мыңға жуық адам қамтылады деп күтілуде. Оның 8 мыңнан астамы – тұрақты жұмыс орындарымен. Сонымен қатар қысқа мерзімді кәсіби курстарды бітірген 840 адам жұмыспен қамтылады, 624 азамат үшін шағын несие қарастырылған, 635 адам жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттармен қамтамасыз етіледі, 376 адам жастар тәжірибесіне жіберілетін болады.
Маңғыстау облысы әкімі бірінші орынбасарының айтуынша, кешенді жоспарды іске асыру басталып кетті және ниет білдірушілер жергілікті жұмыспен қамту орталықтары мен бөлімдеріне хабарласа алады.
Маңғыстау облысы