Аймақтар • 27 Сәуір, 2020

Маңғыстауда коронавирус жұқтырғандар саны 30 адамға жетті

364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы хабарлады. Алғашқы екеуі Қарақия ауданы Сенек ауылының 1972, 1975 жылдары туған тұрғындары. Ағайынды екі жігіттің дене қызуы көтеріліп, қатты ауырған соң, інілері Жаңаөзен қалалық ауруханасына жеке көліктерімен алып келген.

Маңғыстауда коронавирус жұқтырғандар саны 30 адамға жетті

Бірден олар жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылып, сынама алынды. ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды. Барлық жағдай бойынша науқастармен байланыста болуы мүмкін адамдар тобы анықталып, оларды оқшаулау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.

COVID-19 жұқтырған тағы бір адам - ол Маңғыстау ауданы Жыңғылды ауылының 1991 жылғы тұрғыны. «Теңіз» кенішінде вахталық әдіспен еңбек ететін ол бүгін Ақтауға жеткізілген болатын. Келген бойда облыстық обсервациялық стационарға жатқызылып, сынама алынды. ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазір науқаспен бірге келген жұмысшылар түгел тексеріліп жатыр.

27.04.2020 ж. жағдай бойынша өңірде барлығы 30 адамнан COVID-19 вирусы тіркелді: Ақтауда – 17; Жаңаөзенде – 4; Маңғыстау ауданында – 4; Мұнайлы ауданында – 3; Қарақия ауданы – 2; Жазылып шыққаны – 5; Қайтыс болған – 1.

 

 

 

Маңғыстау облысы