
«Нұрсұлтан Назарбаев бұл жеті тірекке ең қиын кезеңде – Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында сүйенді. Оларды таңдауға жас мемлекеттің беріктігінің әлеуеті және оның бұдан арғы бүкіл тағдыры байланысты болды».
(«Назарбаевтың жеті тірегі»).
Адам зердесі есте сақтауға да үйретеді, ұмыттыруға да бейімдейді. Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты Нагиб Махфуздың «Адамдардың еске сақтауы нашар» дегені осыдан шығар.
Біз де бүгінгі Қазақстанның тамаша табыстарына тамсанамыз деп, тәуелсіз мемлекет құру ісінің қалай басталғанын ұмытып кетіп жатамыз.

«Нұрсұлтан Назарбаев бұл жеті тірекке ең қиын кезеңде – Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында сүйенді. Оларды таңдауға жас мемлекеттің беріктігінің әлеуеті және оның бұдан арғы бүкіл тағдыры байланысты болды».
(«Назарбаевтың жеті тірегі»).
Адам зердесі есте сақтауға да үйретеді, ұмыттыруға да бейімдейді. Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты Нагиб Махфуздың «Адамдардың еске сақтауы нашар» дегені осыдан шығар.
Біз де бүгінгі Қазақстанның тамаша табыстарына тамсанамыз деп, тәуелсіз мемлекет құру ісінің қалай басталғанын ұмытып кетіп жатамыз.
Ал шынында, жиырма жыл бұрынғы қадамдарымыз әлемнің аузы дуалы сарапшыларына ешқандай оптимизм ұялатқан жоқ еді. Олар тәуелсіз дамудың келешегі жоқ екеніне ғылыми негізде дәлелдемелер келтірді.
Олардың мінсіз ой-қисындарында бәрі ескерілген сияқты еді. Халық құрылымы жағынан – этностық және діни қайшылықтар ортасымыз. Экономика жағынан – жалпыодақтық тетіктің бір бөлігіміз. Географиялық жағдайымыз жағынан – әлемдік көлік жолдарынан аулақта жатқан тұтас анклавпыз. Геосаяси жағынан – ірі державалар мен тұрақсыздық ошақтарының қоршауындағы халық аз қоныстанған өңірміз.
Бір сөзбен айтқанда, картада бар, өмірде жоқ, қалыптаспаған мемлекеттер лагерінен едік.
Бұл болжам неге орындалмады?
Өйткені, олардың ой-тұжырымдарында ең басты нәрсе – ұлттың адами әлеуеті мен көшбасшысының саяси ерік-жігері ескерілмеді. Бұлар елеусіз өлшемдер ретінде есепке алынбады.
Скептиктердің қателігі де осында еді. Әлемдік саяси сәуегейлердің теориясын қазақстандықтардың өмір тәжірибесі тас-талқан етті. Түрлі болжамдар мен жағдайларға қарамастан, біз әлсіз тұстарымыздың бәрін артықшылыққа айналдыра алдық. Бұлар біздің сенімсіздіктің ағынды өткелінен өтуге мүмкіндік беретін тіректерімізге айналды.
Күшіміз – жауапкершілікте
Барлық өзгерістердің өзегі мемлекеттіліктің қалыптасуына негізделген еді. Бәрін де жаңадан бастауға тура келді. Өйткені, бізде не егемен демократиялық республикаға, не нарықтық экономикаға мүлде сай келмейтін кеңестік аппараттың қалдықтары ғана бар еді.
«Мықты мемлекет» ұғымын әр ел әрқалай түсінеді. Қазақстан бұл жағынан «күтуші-мемлекетке» де, «полицей-мемлекетке» де айналған жоқ.
Біз үшін мықтылық дегеніміз, ең алдымен, жауапкершілік. Басқарудың мінсіз құрылымы болмайды. Алайда, Қазақстан мемлекеті ешқашан, тіпті ең қиын кезде де азаматтарын тастамады. Мемлекет елдің дамуына қажетті танымал емес шешім қабылдауда өзіне жауапкершілік алудан қорыққан жоқ.
Бірлігіміз – әралуандықта
Жаңа тарихтан этностық әралуандық жағдайындағы табысты мемлекеттік құрылыстың мысалын табу қиын. Осы күнге дейін ұлттық мәселені шешудің тек екі-ақ тәсілі болды. Этностар не америкалық үлгідегі ортақ «қорыту қазанында» араласып жатады, не бұрынғы кеңестік елдердің бірқатарындағы секілді титулдық ұлт бөле-жара дәріптеледі.
Қазақстан өз халқының бірегей құрылымын әлгіндей қалыпқа салуға тырыспай, өзіндік жеке үлгісін жасады. Ол әралуандықты бұзған жоқ, керісінше, бірлігіміздің іргетасы етіп қалады. Біз өзімізді біртұтас елдің азаматы ретінде сезінеміз, бірақ тарихи тамырымызды, мәдени ерекшелігімізді, тілімізді ұмытпаймыз.
Еркіндігіміз – келісімде
Мемлекеттің дінге және керісінше, діннің мемлекет ісіне белсенді араласу әрекеті бейбіт тіршіліктің берекетін кетіре жаздағанын бүгінде мойындауға болады.
Халықтың даналығы, көшбасшының көрегендігі бізді мұндай қатерден сақтап қалды. Өмірдің қалыпты н