Алаш арысы Ахмет Байтұрсынов баспасөз туралы «Әуелі, газет – халықтың көзі, құлағы Һәм тілі... Газет – халықтың дауысы. «Жұртым» деп халықтың арын арлап, зарын зарлап, намысын жоқтайтын азаматтары газет арқылы халықтың сөзін сөйлеп, пайдасын қорғап, зарарына қарсы тұрып, қарғаға көзін шоқытпасқа тырысады» деп пайымдаған екен.
Бүгінде газет-журналдар көп болғанмен, олардың арасында көпшілікке етене жақын танылып қалған басылымдар да баршылық. Солардың бірі, жарыққа шыққанына 3-ақ жыл болса да өз оқырманын таба білген «Халық сөзі» газеті. «Халық сөзі» республикалық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Қуат ӘУЕСБАЙДЫ әңгімеге тартқан едік.

– Қуат, өзің жетекшілік ететін республикалық «Халық сөзі» газетіне биыл 3 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде басылым бетінде жарияланған материалдарды топтастырып кітап шығарған екенсіңдер. Әңгімемізді осыдан бастасақ.
– Үш жылда «Халық сөзі» газетінің 300-ге жуық саны жарық көріп үлгерді. Болдық-толдық деуден аулақпыз, тек алды-артымызға көз тастап, өткен-кеткенді ой елегінен өткізіп, сараптап-саралап, оқырмандарымызға есеп беріп қоюды ғана мақсат етіп отырмыз. Жинақ шығару идеясы оқырмандарымыздың өз ішінен шыққанын айта кету керек. Кітапқа соңғы 3 жылда жарияланған мақалалар мен сұхбаттардың ең негізгілері сұрыпталып енгізілді. Бүгінгі жаңалықтың жаршысы, яғни журналистердің ертеңгі тарихты да тасқа басып жүргенін ескерсек, бұл жинақтың осы тұрғыдан алғанда да құндылығы басым деуге болатын шығар. Газеттің өзі бір күндік болғанмен, сөзі мыңжылдық екені рас. Мысалға Алаш қайраткерлері шығарған «Қазақ» газетінде қаузалған мәселелер ғасырға жуық уақыт өтсе де күні бүгінге дейін маңызын жоғалтқан жоқ. Ал сол кезеңде жарық көрген мәселелер заңды сабақтастығын тауып бүгінгі баспасөзде де айтылып, жазылып жүр. Ендеше, қазақ баспасөзінің тарихы – қазақтың тарихы деуге әбден негіз бар. Әрине, тарих үшін 3 жыл деген көп уақыт бола қоймауы мүмкін. Десек те, осы уақытта бүгінгі қазақтың сүт бетіне шығар қаймақтарының түгелі дерлік біздің басылымға сұхбат беріп, өз ой-пікірін, елге өнеге, өсиет боларлық әңгімесін ақтарыла айтты. Шерхан Мұртаза, Қабдеш Жұмаділов, Қалихан Ысқақ, Төлен Әбдікұлы, Несіпбек Айтұлы, Камал Ормантаев, Сейітхан Жошыбаев, Тоқтар Әубәкіров сынды елуге жуық аузы дуалы, сөзі уәлі азаматтардың сыр-сұхбаты топтастырылып берілді жинаққа.
– Яғни халық сөзін айтып жүрген азаматтардың ағынан жарылған әңгімесін «Халық сөзінің» жинағынан табасыздар дейсің ғой. Жөн-ақ екен. Шығармашылық ұжымның тек газет шығарып қана қоймай, көптеген қоғамдық істерде де аты аталып жүргенін білеміз. Мұндағы мақсат не?
– Ең әуелі кез келген мәселенің салдарын ғана жазып қоймай, себебіне де тереңдеп үңілуді жөн санадық. Қазір техника дамыған, интернеттің заманы, ақпарат тасқыны көз ілеспес жылдамдықпен келіп жатыр. Қысқасы, бөлмеден шықпай-ақ газет шығара беруге болатындай мүмкіндік жасалып қойған. Десек те, елдің өз ішін зерттеп білмей, бұқарамен байланыс жасамай, интернет арқылы тараған ақпаратты ғана алға тартып, былайша айтқанда, сыртынан тон пішкен газет қайтып халықтың көзі, құлағы, тілі бола алады?! Және ондай ақпарат құралының бұқара алдында беделі бола ма, жалпы? Осы мәселеге жете мән беріп, қоғамдық іс-шараларға да белсене араласып отыруды құп көрдік. Мәселен, мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесі қатты толғандырды бізді. Олардың мұң-мұқтажын газетте жазудай-ақ жазып жүрміз, бірақ ішкі жан дүниесіне үңіле алдық па, көңілін аулап, жанына медет бола алатындай іс қылдық па деген