Қазіргі кезде жанар-жағармай мәселесі қоғамда ерекше маңызға ие екені белгілі. Көліктерден шығатын улы заттар ірі мегаполистерде адам денсаулығына орасан зиян келтіріп, әрі экологиялық жағдайды ушықтыруда.
Жақында «Greenfoodglobal» (Гринфудглобал) компаниясының өкілі Ерлан ӘБДІРАШИТҰЛЫНАН аталған компанияның өнімдері арқылы үлкен қалалардағы экологиялық қиындықтар мен сапасыз жанар-жағармай мәселесін түбегейлі шешуге болатынын естідік. Мұндай жағдайда көліктердің қуаты артып, оған қоса, кез келген көлік жүргізуші жанармайын 20 пайыздан 37 пайызға дейін үнемдейді екен. Біз одан осы туралы кеңірек айтып беруін өтінген едік.
Қазіргі кезде жанар-жағармай мәселесі қоғамда ерекше маңызға ие екені белгілі. Көліктерден шығатын улы заттар ірі мегаполистерде адам денсаулығына орасан зиян келтіріп, әрі экологиялық жағдайды ушықтыруда.
Жақында «Greenfoodglobal» (Гринфудглобал) компаниясының өкілі Ерлан ӘБДІРАШИТҰЛЫНАН аталған компанияның өнімдері арқылы үлкен қалалардағы экологиялық қиындықтар мен сапасыз жанар-жағармай мәселесін түбегейлі шешуге болатынын естідік. Мұндай жағдайда көліктердің қуаты артып, оған қоса, кез келген көлік жүргізуші жанармайын 20 пайыздан 37 пайызға дейін үнемдейді екен. Біз одан осы туралы кеңірек айтып беруін өтінген едік.
– Ерлан Әбдірашитұлы, бүгінде тек үлкен қалаларда ғана емес, жалпы, елімізде сапасыз жанар-жағармай мәселесі өткір тұр. Ал, оның қоршаған ортаға тигізіп жатқан зардабы үлкен. Сондықтан сіздер ұсынған балама өнім шынымен де ел үшін жағымды жаңалық екен. Ендеше, ол туралы кеңірек білген жөн-ақ екен.
– Иә, үлкен қалаларда көліктерден шығатын зиянды түтіндерді болдырмау өткір қойылып отырған мәселе. Тығырықтан шығар түрлі жобалар қарастырылуда. Мысалы, кейбіреулер Алматы қаласында қосымша саябақтар салуды ұсынып отыр. Менің айтатыным, Алматыда 600 мыңнан астам көліктің құбырларынан шығатын зиянды газдарды тоқтатпайынша қанша саябақ ашқанмен экологиялық проблема сол қалпында қала бермек. Бар бәле, көліктерде емес, сапасыз жанармайда. Жоғарыда атап өткен мәліметтерге сүйенсек, 600 мыңнан аса автокөліктен шыққан газ Алматы аспанына көтерілген зиянды қалдықтардың 80 пайызға жуығын құрайды екен. Демек, Алматыдағы жанармай бекеттері сапасыз өнім сатуды жалғастырып келеді деген сөз.
– «Greenfoodglobal» компаниясының «EnviroTabs» өнімдері туралы нақтырақ айтып берсеңіз. Көлік иелерінің сапасыз жанармайларын қалай тазалайды, қалай үнемдейді, мотордың күшін қалай қуаттандырады?
– «Greenfoodglobal» компаниясының өнімі 2009 жылы АҚШ-та шығарыла бастады, 2012 жылы Ресейге және осы жылдың аяғында Қазақстанға жеткен EnviroTabs-ты әлі де көп адамның біле бермеуі заңдылық. EnviroTabs аэрокосмостық өнеркәсіп пен жанармай өндірісіндегі жану камерасының катализаторын зерттеуде 20 миллион сағатты құраған 30 жылдық ізденістің жемісі. Біздің компанияның ең бірінші міндеті экология мәселесіне қатысты. Өнімнің атауы – «EnviroTabs» (Енвайротабс) биокатализаторы. Бірден айта кетейін, шешілмей келе жатқан экология мәселесінің шешімі осы «EnviroTabs» биокатализаторы. Жанармаймен және газбен жүретін түрлі техникалар мен кез келген генераторларға арналған бұл өнім автокөлігі бар адамдар үшін ғана емес, Алматы сияқты үлкен мегаполиске және оның бүкіл тұрғындарына пайдалы әрі маңызды десек, қателеспейміз. Көбісі біздің өнімді көліктерге зияны тиетін химиялық присадкалармен шатастырады. Негізі олай емес. «EnviroTabs» био-катализаторы еш зияны жоқ өнім, бар болғаны бұршақтың көлеміндей ғана. Бір қаптамада 28 таблетка бар. Бір қаптамасы 1000-1400 литрге дейін жетеді. Өнім ЕРА Халықаралық қоршаған ортаны қорғау агенттігінің тіркеуімен, патенттелген. Таблетканың бір талын бензобаққа салады. Жанармайдың құрамы одан өзгере қоймайды. Ол бес-он минуттың ішінде жанармаймен бакта еріп болған соң, өз жұмысын іске асыра бастайды. Демек, біздің өнім, жанармаймен форсунка арқылы ішкі жағу камерасына барған соң, сапасыз бензинді 98 пайызға дейін өртейді. Бұл көліктің артқы құбырынан шығатын зиянды газ да сондай пайызға дейін азаяды деген сөз, бұл – бір. Екіншіден, көлік моторларының ішкі қозғалтқыштағы майын тазарта отырып, мотордың қуатын күшейтеді. Ал қазіргі сапасыз бензиндерді қолданып жүрген көліктерде жанармайдың өртену процесі 50-60 пайызға дейін ғана. Жанбай қалған сапасыз бензиннің қалдығы сыртқа шығады.
– Жанармай бекеттерінде тұтынушылар сапасыз бензинді қолданып жатқаны туралы нақты мәліметті қайдан білесіздер?
– Жоғарыда айтылғандай, ақпарат құралдарында бұл туралы талай жазылды. Оны кез келген қалалық техникалық реттеу және метрология комитеті департаментінің қызметкерлері де растауда. Мәселен, Алматыдағы 600 мыңнан аса автокөліктен шыққан газ Алматы аспанына көтерілген зиянды қалдықтардың 80 пайызға жуығын құрайды екен. Демек, Алматыдағы жанармай бекеттері сапасыз жанармай сатуды жалғастырып келеді деген сөз. Мұндай келеңсіз жайттарды «Органик» тәуелсіз мұнай өнімдерін зерттеу орталығының мамандары да растайды. Бұл дегеніміз өте күрделі мәселе. Бұл туралы ғаламторға кіріп, «сапасыз жанар-жағармайлар сатылуда» деп терсеңіз болды, ақпараттардың барлығы алдыңыздан шыға келеді.
– Осы EnviroTabs жайындағы мамандар пікірі қандай?
– Бұл өнім Қазақстанға жақында ғана келгендіктен, ештеңе айта алмаймын. Бірақ Ресей мамандары тарапынан қолдау көрсетілуде. Бір қызығы, Ресейде біраз ТҚС қызметкерлеріне ұнай қоймапты. Өйткені, аталмыш катализатор олардың біразын жеп отырған нанынан айыратын көрінеді. Сондықтан олар адамдарды EnviroTabs-тың зиян екенін, көлікке залалын тигізетінін айтып шошындырып баққан. Дегенмен, Ресейде оны қолданатындар саны күннен-күнге арта түсуде.

– Мүмкін ТҚС қызметкерлері бұрынғы нафталин қосу әдісімен шатастырған шығар?
– Иә, солай болуы да мүмкін. Ертеректе нафталин қосу әдісі октанды көтеру үшін қолданылатын, бірақ ол қозғалтқышқа айтарлықтай зиянын тигізетін. Ал EnviroTabs-тың қозғалтқышқа да, сальниктерге де еш зияны жоқ. Тіпті, өте төмен температурада да қозғалтқыш тез оталады.
– Сіздің өнімдеріңізді қолданып, нәтижесіне көздері жетіп, оған риза болып жүрген тұтынушыларыңыз бар ма?
– Әрине, бар. Әр салада қызмет атқаратын тұтынушылар саны да көбейіп келеді. Бір-екеуін мысал ретінде келтіре кетейін. Мысалы, Алматы қаласының Нұрсұлтан Сәрсенбаев деген кәсіпкер жігіт былай деп жазады: «1994 жылғы «Тойота Камри» автокөлігіне алғашқы күннен бастап әсер етті. Көлік орнынан жылдам қозғалып, мотордың қуаты күшейді, мотордың даусы бәсеңдеп, серпінділігі жақсарды. Бұдан бұрын бәсеңдеткіштен (глушитель) түтінмен қоса жағымсыз иіс шығатын, қазір еш түтін де, иіс те жоқ, таза бу шығатын болды. Бұған дейін қатты суықтарда көлікті қыздыруға 15-16 минут уақыт кетсе, қазір 8-9 минутқа дейін азайды. Бұрын қала ішінде 100 шақырымға 12-13 литр жанармай жағылса, қазір 9-10 литр кетеді».
Сол сияқты «Қазақстан-Заман» газетінің жүргізушісі Еркебұлан Бейсенбаев «Субару Импреза» автокөлігі қала ішінде 100 шақырымға 12 литр жанармай жағатын, қазір EnviroTabs-ты пайдаланғаннан кейін 100-ге 10 литр жағатын болды. Жанармайды 20 пайызға дейін үнемдеген. Көлігіне тигізер оң әсері бірден байқалған. Демек, 20-35 пайызға дейін жанармайларын, отбасының бюджетін үнемдеу арқылы экологияға да пайдаларын тигізіп отыр және қосымша табыс.
– Әңгімеңізге рахмет.
Әңгімелескен
Дастан КЕНЖАЛИН,
«Егемен Қазақстан».