–Олар 1 миллион теңге көлемінде бір ерттік төлем алады. 9 мамырға орай берілетін бір реттік төлем ақы сонымен бірге, соғысы ардагерлерінің жесірлеріне, тыл еңбеккерлеріне және өзге де санаттағы азаматтарға беріледі, - деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.
Сондай-ақ, мемлекеттік наградасы бар 62 тыл еңбеккеріне 100 мың теңгеден, наградасы жоқ 2212 тыл еңбеккеріне 30 мың теңгеден бір реттік төлем беру жоспарланып отыр. Биыл өңірде бір реттік төлемді 2283 адам алады. Бір реттік төлемнің жалпы сомасы 51 млн 297 мың теңгені құрамақ.