Яғни, Роман Цойдың білім көрсеткіші 3 үздік оқу орынының да талабынан шығып, оқу грантын беруге шешім қабылдапты. Осылай ша талдықорғандық үміткерге еліміздегі Назарбаев Университеті, Америкадағы Дрексель университеті және Оңтүстік Кореядағы Ульсан ұлттық ғылым және технология университетінің есігі айқара ашылған екен. Ал Роман болашақта мұнай, фармацевтика және тамақ өнеркәсібі саласындағы халықаралық компанияларда жұмыс істеп, тәжірибе жинауды жоспарлап қойыпты. Сол себептен Оңтүстік Кореядағы оқу орынын таңдады. Әрі бұл білім ордасы оқушыны 100 пайыз грантпен қамтитын болыпты.
Айтпақшы, Ульсандағы Корея ұлттық ғылым және технология университеті, яғни UNIST Азияның үздік жоғарғы оқу орындарының тізіміне кіреді. Мұнда Роман таңдаған мұнай, фармацевтика және тамақ өнеркәсібі саласына қатысты мамандық бойынша білім беру ісі озық екен.
Алматы облысы