18 Қыркүйек, 2013

Кәсіби біліктілікті жетілдіру жолында

1464 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Елімізде соңғы уақытта кешенді түрде жүзеге асырылып жатқан әкімшілік реформасы біріншіден, басқару жүйелерінің барлық деңгейінде мемлекеттік қызметтің тиімділігі мен беделін арттыруға бағытталған. Мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттырмайынша, бұл мақсатқа жету мүмкін емес. Сондықтан кадрлардың кәсіби даярлығын арттыру, қайта даярлау, кәсіби біліктілікті және мамандықты көтеру жүйелерін жетілдіру қажет.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында қазақстандық қоғамды дамытудың басымдық берілген бір бағыты ретінде мемлекеттілікті нығайтуға және қоғамға қызмет етудің өс­келең міндеттеріне жауап беретін мемлекеттік басқарудың жаңа жүйесін қалыптастыру екендігін атап көрсетті. Осыған байланыс­ты Мемлекет басшысы халыққа және мемлекетке қызмет етуді басты парыз санайтын кәсіби мем­лекеттік аппарат құру тура­лы міндет қойды. Бұл ретте мем­лекеттік қызметкерлердің кәсіби және сапалық дәрежесін арттыру негізгі міндет болып табылады.

 

Елімізде соңғы уақытта кешенді түрде жүзеге асырылып жатқан әкімшілік реформасы біріншіден, басқару жүйелерінің барлық деңгейінде мемлекеттік қызметтің тиімділігі мен беделін арттыруға бағытталған. Мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттырмайынша, бұл мақсатқа жету мүмкін емес. Сондықтан кадрлардың кәсіби даярлығын арттыру, қайта даярлау, кәсіби біліктілікті және мамандықты көтеру жүйелерін жетілдіру қажет.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында қазақстандық қоғамды дамытудың басымдық берілген бір бағыты ретінде мемлекеттілікті нығайтуға және қоғамға қызмет етудің өс­келең міндеттеріне жауап беретін мемлекеттік басқарудың жаңа жүйесін қалыптастыру екендігін атап көрсетті. Осыған байланыс­ты Мемлекет басшысы халыққа және мемлекетке қызмет етуді басты парыз санайтын кәсіби мем­лекеттік аппарат құру тура­лы міндет қойды. Бұл ретте мем­лекеттік қызметкерлердің кәсіби және сапалық дәрежесін арттыру негізгі міндет болып табылады.

Әлемдік тәжірибеде мемле­кеттік қызметтегі адам капиталын басқару жүйесінде кәсі­би біліктілікті дамыту жә­не оқы­­ту мәселесіне ерекше ба­сым­дық беріледі. Осыған байла­нысты «Стратегия-2050» бағ­дар­­ламасынан туындаған бас­ты қағидаларды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Мем­лекеттік қызмет істері жө­ніндегі агенттігінің Астана қа­­ла­сы бойынша департаменті елор­да­­мыздағы мемлекеттік қыз­мет­керлердің біліктілігін арт­ты­руға және оларды оқытуға ерекше маңыз беріп отыр. Осы ретте Астана қаласының орталық және жергілікті мемлекеттік қызмет органдарының кадрлармен жұмыс бөлімдерімен тығыз байланыс жасайды. Бұл ретте мына мәселелерге басымдық бе­ріледі: лауазымды қызметке та­ғайындалған мемлекеттік қыз­меткерлерді, оның ішінде ал­ғаш рет мемлекеттік қызметке қабылданған адамдарды оқытуға қажетті сұранысты анықтау, мем­лекеттік органдардың кадр­лармен жұмыс жасайтын қызметіне мем­лекеттік қыз­меткерлерді оқы­ту, кәсіби білік­тілігін арттыру және қайта даярлау семинарлары мен курстарында оқыту мәселелері туралы кеңес беру.

Қыркүйек айы мемлекеттік қызметкерлерді оқыту жүйесі үшін де жаңа оқу жылының бас­талу кезеңі болып табылады. Осыған байланысты жаңа оқу жылы қарсаңында Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агент­тіктің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Тілеген Қаскиннің төрағалығымен елордада жергілікті атқарушы және аймақтық мемлекеттік органдардың кадрлар қызметі мамандарымен семинар-кеңес өт­кізілді. Онда Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының қосымша білім беру институтының директоры Гүлімжан Сүлейменова күн тәртібіндегі келелі мәселелерге кеңінен тоқтала келіп, институттың атқарған жұмыстарын да саралап өтті. Мәселен, 2013 жылдың бі­рінші жартыжылдығында атал­мыш институтта Астана қала­сы­ның орталық мемлекеттік ор­гандарының аймақтық бөлім­шелерінің және жергілікті ат­қарушы органдарының 300-ден астам мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерінің оқуы ұйым­дастырылды. 200-ден астам адам кәсіби біліктілігін көтерді. Бұл өткен жылдың сәйк ес мерзімімен салыстырғанда 88 адамға артық. Арнайы оқу курстарында 100-ге тарта мемлекеттік әкімшілік қызметкерлері қайта даярлау курс­тарынан өтті. Басқа да білім беру құрылымдарында өткізілген 70 семинар-кеңестерде 97 адам дәріс алды.

Мемлекеттік қызметкерлердің білімін жетілдіру және біліктілігін арттыру мәселесінде мемлекеттік тілді жетік меңгеруге ерекше көңіл бөлінеді. Үстіміздегі жылдың бі­рін­ші жартыжылдығында мем­лекеттік тілді алғаш үйрену, тұ­рақты және терең оқу жөніндегі 28 топта 228 мемлекеттік әкімшілік қызметкерлері дәріс алды. Оның ішінде 182 адам жергілікті атқа­рушы органдардың, 46 адам орталық мемлекеттік органдардың аймақтық бөлімшелерінің қыз­меткерлері болып табылады.

Атқарылған жұмыстар бар­шылық. Дегенмен алда тұрған міндеттер ауқымы да зор. Мем­лекеттік қызметкерлерді оқыту және қайта даярлау жөніндегі жаңа оқу жылы маңызды мін­деттер мәресімен басталды. Оған Мемлекет басшысының үсті­міздегі жылғы тамыз айындағы «Қазақстан Республикасы мем­лекеттік қызметкерлерінің кәсі­би біліктілігін арттыру және қай­та даяр­лау ережесін бекіту жө­ніндегі» Жарлығынан туын­да­ған міндеттер себеп болып отыр.

Мемлекеттік қызметке ал­ғаш қабылданған немесе енді ғана басқарушы қызметіне та­ғайындалған адамдар үшін бұл оқыту жүйесінің маңызы зор. Академияда және оның өңірлердегі мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталықтарында мемлекеттік әкімшілік қызметтің «А» және «Б» корпустарына енді қабылданғандар үшін немесе мемлекеттік әкімшілік қызметтің «Б» корпусындағы басшылық қыз­метке тағайындалғандар үшін оқу және кәсіби біліктілігін жетілдірудің өміршең маңызы бар. Кадрлар осы оқыту орта­лықтарында білімі мен біліктілігін көтеру арқылы өздерінің кәсіби деңгейлерін одан әрі шыңдай түседі. Қазіргі кезде кадрларды қайта даярлау мерзімі ұзартылған, атап айтқанда, ол қызметке та­ғайындалғаннан кейінгі алты ай мерзім ішінде жүзеге асырылады. Тағы бір атап көрсететін мәселе, мемлекеттік әкімшілік қызметтің «Б» корпусына бірінші рет қабылданған қызметкерлерге қашықтықтан оқыту технология­ларын пайдалануға мүмкіндік жасалады. Бұл мемлекеттік қыз­меткерлердің уақытын үнем­деп, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Мемлекет алдағы уақытта мем­лекеттік қызмет корпусының жоғары кәсіби біліктілігін арттырып, жоғары деңгейін сақтау мақсатында қызметке кәсіби білімі мен біліктілігі жоғары мамандарды қызметке тартуға мүдделі. Бұл ретте жас мамандарға ерекше назар аударылады. Сондықтан мемлекеттік қызмет корпусының болашақ мамандары жастардың тәрбие және білім деңгейінің сапалық жоғары деңгейде болуы үшін барлық жағдай жасалуда. Мемлекет жоғары кәсіби білікті кадрлар даярлауға ерекше назар аударып келеді. Оған «Болашақ» бағдарламасы, Президент жанын­дағы Мемлекеттік басқару академиясында атқарылып жатқан кешенді шаралар және Мемлекет басшысының жоғарыда аталған Жарлығы дәлел болады.

Мемлекеттік қызметкерлер қоғамға және халыққа қалтқысыз қызмет көрсетудің жоғары са­па­лық деңгейіне лайық болуы тиіс. Қоғамдық өмірдің барлық саласындағы мемлекеттік ор­гандардың өкілеттілігі мемлекет­тік қызметкерлер арқылы іс жү­зіне асырылады. Халық мем­­­лекеттік қызметкерлердің бі­лі­мі мен біліктілігіне, өре­сі мен мә­дениетіне қарай мем­ле­кет­тік қызмет деңгейінің сапа­сын ба­ғалайды. Сондықтан мем­ле­кеттік қызметтің тиімділігі мен сапасы кадрлардың білік­тілігіне тікелей байланысты.

Гүлім ӘБДІРАХМАНОВА,

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Астана қаласы бойынша департаментінің бөлім меңгерушісі.