Аймақтар • 28 Сәуір, 2020

Қарағанды облысы: Тағы төрт адамнан індет белгілері табылды

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қарағанды облысында COVID-19 пандемиясын төрт адамның жұқтырғаны зертханалық негізде расталды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Қарағанды облысы: Тағы төрт адамнан індет белгілері табылды

Бұл жолы да инфекция ошағы Теміртауда бұрқ ете қалды: қаланың үш тұрғынының бойынан індет белгілері табылды. Олардың бірі 16 жастағы бозбала және екеуі 1977, 1985 жылдары туған әйелдер.

Ал төртінші пациент бұрын ауырғандармен байланыста болғандықтан карантиндік госпитальда жатқан қарағандылық 67 жастағы азамат.

Науқастардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды.

Бүгінгі күнде Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 132 адамға жетті. Бір науқас аталған індеттен көз жұмып, 43 адам ауруханадан жазылып шықты.

 

 

Қарағанды облысы