18 Қыркүйек, 2013

Тақырыптық кездесу

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда Мемлекет бас­­шысының тапсырмасымен «Қазақстан-2050» Стра­тегиясында айқын­далғандай, ҚР СІМ жа­нын­­дағы Сыртқы саясат жө­ніндегі кеңестің отыры­сы аясында Қазақстан Рес­публикасының сыртқы сая­сатын жаңғырту бойынша тақырыптық кездесу өтті.

Кездесуді Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ашып, Президент алға қойған ұзақ мерзімді сыртқы саяси­ тапсырмаларды жүзеге асыру­ бойынша министрліктің негіз­гі ұстанымдарын баяндады.­ Содан соң қазақстандық жетек­ші ғылыми-сараптамалық инс­ти­туттардың, соның ішінде ҚР­ Президенті жанындағы Қазақ­стан стратегиялық зерттеу­лер институтының, ҚР Тұңғыш Президенті қоры жанын­да­ғы Әлемдік саясат және эко­номика институтының, Білім және ғылым министрлігі Ғы­лым комитетінің экономика институтының, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жетекшілері Қазақстанның халықаралық жүйедегі және жаңа әлемдік құрылымды құрудағы рөлі мен орны туралы өз пікірлерін жеткізді.

Талқылаулар қорытындысы бойынша Қазақстанның сыртқы саясатының қазіргі заманға бейімделуіне қатысты нақты ұсыныстар берілді, деп хабарлады СІМ-інің баспасөз қызметі.