Аймақтар • 28 Сәуір, 2020

Қостанай: Жедел жәрдем орталығына қауіпсіздік дәлізі орнатылды

144 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайдағы жедел жәрдем қызметі ғимаратының кіріберісіне  дезинфекциялық тоннель орнатылды.

Қостанай: Жедел жәрдем орталығына қауіпсіздік дәлізі орнатылды

- Енді қызметкерлер мекеме ғимаратына тоннель арқылы кіретін болады. Қауіпсіздік дәлізі бүркігіш құрылғымен және дезинфекциялық сұйықтықпен қамтылған. Дәрігер тоннельден өтіп бара жатқанда құрылғы автоматты түрде іске қосылады. Дезинфекциядан өту дәрігердің бірнеше секундын ғана алады, -  дедіденсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаева.

Қазір аймақта 50 жедел жәрдем бригадасы үзіліссіз кезекшілік етуде. Облыстағы жедел жәрдем қызметкерлері тәулігіне шамамен 1000 мекенжайға шақырту бойынша барады.    

Қостанай облысы