Атырау қаласының 47 жастағы бір тұрғыны кезекті туған күнінде дәл осылай думандатыпты. Әрине, ол отшашуды өзінің жеке иелігіндегі үйінің ауласында түнгі сағат 22:00 шамасында атқан. Солай десек те, бұл –күшейтілген карантин талабын бұзу.
Осы дерекке байланысты Атырау қалалық полиция басқармасының учаскелік инспекторлары туған иесіне ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 476-бабымен (Төтенше жағдай режимін бұзу), сондай-ақ, 436-бабы (Елді мекендерде атыс қаруынан, газды пневматикалық, лақтырылатын және электрлі қарудан оқ ату, пиротехникалық бұйымдарды қолдану) бойынша хаттамалар толтырды.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, әкімшілік хаттамалар сотқа жолданды.