Аймақтар • 28 Сәуір, 2020

Жаңаөзен қаласының азаматтарын Ақтауға көшіру жалғасады

1161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2019 жылдан бастап Жаңаөзен қаласын дамытудың кешенді жоспарына сәйкес Жаңаөзен қаласының әкімдігінде кезекте тұрған азаматтарды Ақтау қаласына көшіру жұмыстары басталды. Бұл туралы қоғамдық коммуникациялар орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Н.Аққұлов мәлімдеді.

Жаңаөзен қаласының азаматтарын Ақтауға көшіру жалғасады

-2019 жылы республикалық бюджет есебінен 2,7 млдр. теңге қаржыға 268 пәтер сатып алынды. Сонымен қатар, «Өзенмұнайгаз» АҚ есебінен 1,0 млрд. теңге қаржыға 126 пәтер сатып алынып, 70 пәтер 2019 жылы берілді, қалған 56 пәтер ағымдағы жылы беріледі. Сондай-ақ 2020 жылы  «Өзенмұнайгаз» АҚ есебінен 1,5 млрд  теңге қаржыға 150 пәтерден кем емес көлемде пәтерлер сатып алу жоспарлануда. Осылайша, 2019 – 2020 жылдары Жаңаөзен қаласының әкімдігінде кезекте тұрған азаматтарға 544 пәтер жоспарланған - 2019 жылы – 394 пәтер, 2020 жылы – 150 пәтер, деді ол.

 

 

Маңғыстау облысы