Бұрынғыдай қайырымдылықтың орны ерекше. Ассамблея – біздің қоғамның біріктіруші буыны. ҚХА кез келген жағдайда бірінші болып көмекке келеді, әрқашан бірінші қатардан көрінеді. Бұған келтіретін мысал көп. Төтенше жағдай режимі енгізілген алғашқы күннен бастап елордалық Ассамблеяның белсенділері мен еріктілері жұмысқа қосылды. Наурыз айының соңғы онкүндігінде Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА «Біз біргеміз» атты қайырымдылық акциясын өткізді. 2020 жылдың 20 наурыз бен 26 сәуір аралығында акция аясында қалалық Ассамблея мүшелері аз қамтылған көп балалы отбасыларға және егде жастағы адамдарға көмек көрсетті. «Парасат» қайырымдылық қызметін үйлестіру орталығы 15 көп балалы отбасына көмек көрсеткен болатын.
Бүгінгі үндеуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев індетпен күрестің алдыңғы шебіндегі азаматтарды тағы да ерекше атап өтті. Қауіп-қатерге қарамай мұқтаж жандарға көмек қолын созған еріктілерге де ризашылық білдірді. Бұл ризашылығыңыз барлық еріктілерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Қанаттарымыз көтеріліп бір серпіп қалдық. 16 наурыздан бастап осы күнге дейін күндіз-түні мұқтаж жандарға көмек жеткізіп келеміз. Ассамблея еріктілері зейнеткерлерге дәрі-дәрмек жеткізу, маскалар тарату бойынша акцияларға қатысып жатырмыз. Біз тек қиын қыстау кезде ғана емес, қуанышты к да бірге боламыз!
Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Біз 24 сағат бойы елімізге қызмет етуге сақадай саймыз! Елорда Еріктілері әрқашан дайын!
Бұл індетті бірге жеңуге сөз береміз! #bizbirgemiz
Наргизам Махмуди , Нұр-Сұлтан қаласы ұйғыр этномәдени бірлестігінің мүшесі